Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы


 С
ыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған және 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыруға бағытталып, жұмыстар атқарылуда.
Құжаттың басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру арқылы, қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Сонымен бірге құжаттағы нормалар мемлекеттік аппарат пен өзге де салаларда сыбайлас жемқорлықтың көрінуінен туындайтын қатерлерден Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады. Атап айтқанда, қолданыстағы заңнамада белгіленген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі формальды және тәртіптік сипатта болғандықтан, әрі материалдық игіліктер алуды көздемейтіндіктен, заң жобасымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жаңа көріністері енгізілген.
Осы заңда  «сыбайлас жемқорлық», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат», «сыбайлас жемқорлыққа тәуекел» ұғымдары ашылады. «Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен талдау шаралары қамтылады. Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг барлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерімен жүргізілетінін. Ондай мониторинг нәтижелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу үшін негіз болып табылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды барлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері де жүзеге асыратыны көрсетілген.
Айта кетерлігі, жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін теріс пайдалануға және әрекеттерді жасауға жол бермеу мақсатында, олар өздеріне шектеулерді жазбаша нысанда қабылдауға міндетті болмақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға бағытталған.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде жарияланатын мемлекеттік қызметшінің әрекеттері бойынша сыни пікірлердің алдын алып отыруды, мемлекеттік қызметкер әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауды, әлеуметтік желілердегі жеке акаунттарыңыздарға сыни пікір туындататын фотосуреттер, яғни кафелерде, тойханаларда, қымбат көліктер фонында түскен суреттер немесе қымбат әшекейлермен тағы басқа мемлекеттік қызметке жағымсыз имидж қалыптастыратын фото суреттер және видеоларды жарияламауды қатаң сақтау керек.
Сондай ақ, егер әлеуметтік желілерде сыни пікір туындататын мемлекеттік қызметке жағымсыз имидж қалыптастыратын жарияланымдар шыққан жағдайда, заңнамада бекітілген бір айлық мерзімде мемлекеттік қызметкерлер теріске шығару пікірлерін білдіру міндетті.
Шиелі аудандық сотының  бас маман
сот отырысының хатшысыЗ.М.Алимкулова
04 қараша 2022 ж. 601 0