Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» »     Есірткісіз өмір ғажайып

    Есірткісіз өмір ғажайып

Есірткі - талай тағдырларды бұзып, талай адамның өмірін құртқан заманымыздың жаһандық мәселелерінің бірі. Бұл тәуелділікке жасөспірімдер, тіпті балалар да қосылады.
Сіз болашақтан, отбасыңыздан, жетістіктерден қуаныш, денсаулық, өмір, жоспарларыңызды жүзеге асырудан бас тартуға дайынсыз ба?
Ал мен бұл ырзықтан бас тартпаймын, сондықтан мен есірткісіз өмірді таңдаймын!
Мен спорт адамды есірткіден сақтай алатынына сенімдімін. Өйткені бұл - алдыңа мақсат қою және сенің келешектегі жетістігің, өзіңнің жақсы физикалық пішінің, өзіңмен пікірлес адамдармен қарым-қатынас, жеңістер мен жетістіктер сезімі.
Мен бимен айналысамын және сахнаға әр шыққан сайын мен адреналинді және көптеген жағымды эмоцияларды сезінемін.
Бүгінде есірткінің кесірінен өмірін құртқан адамдарды көп кездестіруге болады. Есірткі қолданып көруді шешкендердің көпшілігі өз шешіміне өкінген. Олардың қателігін қайталамаңыз.
Мен алдыма жақсы мамандық иесі болуды мақсат етіп қойдым. Мақсаттылық өзінің алдына қойған міндетін жүзеге асыруға көмектеседі.
Маған жақындарыммен уақыт өткізу де ұнайды. Менің отбасымдағы және достарыммен ортадағы берік қарым-қатынас бізді жаман әрекеттерден қорғайды.
Мен өзіме рақат сезімін сыйлайтын жағымды әрекетпен айналысамын. Хоббиім де бар: мен бөлме гүлдерін өсірумен шұғылданып жүрмін. Сыныптас құрбым Айыммен гүлді өсіруге байланысты әңгімелесеміз. Осылайша өмірді мағынаға толтыруға тырысамын. Біз кешке бірге жүгіреміз, бірге қызықты кітаптар оқимыз.
Ақыл-ойымды таза ұстауға және белсенді өмір салтын жүргізуге тырысамын. Құрбыммен дұрыс тамақтану жолын қарастырамыз. Денені сау ұстаудың бір жолы - дұрыс тамақтану.
Денені сау ұстау үшін біз майсыз ет, жаңғақтар, жемістер мен көкөністер сияқты табиғи тағамдарды жейміз.
Есірткісіз өмір - бұл шынайы эмоцияларға, физикалық және моральдық денсаулыққа, жақын адамдарының күлкісіне толы бақытты өмір. Біздің бәрімізде әлсіздік бар, бірақ сіз ешқашан тәуелділікке бой алдырмауыңыз керек, өйткені бұл адамның әлсіздігінің белгісі. Қосымша тәуелділіктерсіз бақытты өмір сүрейік!
#есірткігеқарсыбайқауы

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға
Әзімхан Махаббат
02 қараша 2022 ж. 440 0