Есірткісіз өмір ғажайып
БАЙҚАУҒА
Бір нәрсеге деген тәуелділік әр жаратылыста болуы мүмкін .
Мысалы ұрылар бір күнде бір нәрсе ұрламаса ауырады екен!Ал сіз өзіңіздің мобильді телефоныңызды батарея қуаттағышына қосарда қуаттағышсыз қуаттай алмайсыз!
Бұл қарапайым мысал,ал есірткіге деген тәуелділік мүлдем өзгеше,өзекті мәселе
Адамзат өміріндегі қауіпті әрі,өте улы зат ол-наркотик, яғни есірткі!
Есірткі адамдарды өзіне деген құмарлыққа жетелейді.Адам оның күшін сезінгеннен кейін,қайта-қайта оны қолданғысы келіп тұрады.
Алайда адамзат бұл әрекетімен өзін-өзі улауда.
Есірткі дегеніміз адамзат күнделікті өмірде қолданып жүрген:алкоголь,шылым,яғни темекі
Қауіпіне қарамастан есірткінің түрі өте көп.
Қазіргі таңда "есірткіні жасырын түрде сату кәсібі" арқылы қолға түсіп,қатаң түрде жазаланып жатырған қылмыскерлерде бар және өте көп!
Қазақстан республикасының Премьер министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бұл жағдай жайлы былай мәлімдеді :
-«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретінін атап өтті. Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет. 11 мамырда біз Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу шараларын жетілдіру жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жол картасын бекіттік. Алдын алу – нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жүйесіндегі ең басты элемент. Күш біріктірудің арқасында біз өскелең ұрпаққа оң ықпал етіп, салауатты болашақты қамтамасыз ететінімізге сенімдімін»,
Премьер министрі орынбасарының үндеуіне қосыла отырып
Өзін-өзі улаудан қашық болайық!
Есірткі темір болса,
Біз адамзат көмірміз!
Еріткелі темірді
Өзін-өзі ұстауды
Салауатты өмірді
Үйреткелі келгенбіз!
Есірткі сеніңде, меніңде және сіздіңде, біздіңде
қаланып жатырған тыныш өміріміздің іргетасын күлін қалдырмайтындай етіп жоятын қауіпті, бақытсыз ететін зат!Және мен оны жан алғышқа теңер едім,бәріміз есірткіні осылай жауымызға теңеп біржолата құлыптанған күйінде тарих теңізіне тастасақ болашақ бүгіннен сабақ алар еді.
Есірткіні қолданбай ақ өмірді бақытты етіп,жүзіңе күлкі беруге болады!
Мысалы өз хоббиіңмен айналыс,салауатты өмір салтын қалыптастыр,және өз ортаңа пайдаңды тигіз, бастысы жақындарыңмен,денсаулығыңды негіз ретінде өмір сүр! Міне есірткісіз ғажайып өмір
Шиелі аудандық оқушылар үйі,
Әбдіразақ Диана, Шебер қолдар үйірмесінің мүшесі
Әбдіразақ Диана, Шебер қолдар үйірмесінің мүшесі
#есірткігеқарсыбайқауы
#антинаркотическийконкурс