ӘУЕСҚОЙЛАР ЛИГАСЫ ЖАЗҒЫ МАУСЫМДЫ АЯҚТАДЫ

Алғаш болып сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Тұрмағанбет Жағыпбаров әуесқой аяқ допшыларға сәттілік тілесе, әуесқойлар лигасының директоры Берік Ермғанбетов шиелілік футболшылардың республикалық турнирлердегі жетістігін атап өтті. Ал шара соңында лига қатысушылары жүлделі орындармен марапатталды. Сондай-ақ жиында футбол ардагері Нұрмағанбет Сақиұлына шапан жабылып, алғыс хат табысталды.
Лига қорытындысы бойынша алтын жүлдені «Рай Шиелі» командасы жеңіп алса, күміс жүлдені «Ру-6», қола медальды «Шиелі РУ-6» командасы місе тұтты.
Лиганың үздік ойыншылар қатарынан қақпашы Батырхан Усенбаев, қорғаушы Досхан Әділхан, шабуылшы Мағжан Жахмур, үздік сұрмерген Исатай Қалмырзаев, үздік ойыншы Еркебұлан Қалдыбековтер көрінді.
«Өскен өңір» ақпарат