Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮЙЕЛІ МЕ?

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮЙЕЛІ МЕ?

Қыс қыр астында. Әне-міне дегенше қазан айы да есік қағып келіп қалды. Бұл қыстық отынды дайындап, жылу маусымына әзірлікті пысықтау керек деген сөз. Осы уақытта аудандағы жылу маусымына жауапты азаматтар мекемелердегі отын қорының жеткілікті болуын қамтамасыз етуге күш салса, ауылдағы ағайын ошағын сайлап, газ пешінің шаңын сүртуге кіріскен. Өткен қыстың қалай болғаны жалпы жұртшылыққа белгілі. Қар қалың жауғанымен, қалтырап тоңдыратындай аязды күндер аз болды. Бірақ қыстың аты қашанда қыс, қыспай қоймайды.
Осыған байланысты аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарласып, отын бағасы мен қазіргі таңдағы көлемін білдік. Мекеме инспекторы Қайрат Мырзакеевтің айтуынша, жылу маусымының жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.
– Әлеуметтік салаға қажетті 11,7 мың тонна көмірдің бүгінгі күнге 6,2 мың тоннасы, ал аудан тұрғындарына қажетті 20 мың тонна қатты отынның 16 мың тоннасы жеткізілді. Аудандағы көмір тасымалымен айналысушы кәсіпкер «ЖК Нұрмановпен» көмір бағасын 15 мың теңгеден асырмау жөнінде меморандум жасалынды. Ауданның өндірістік және әлеуметтік кешендерін жылда жылу беру маусымын өткізу үшін жедел штаб жасақталып, кент және ауыл әкімдері мен бағдарлама әкімшілері, кәсіпорындарда бекітілген іс-шараға сәйкес жұмыстар атқарылуда, – дейді Қ.Мырзакеев.
Жыл сайын кенеттен күн суытып, от жағатын сәт келгенде қара отын сататын орындарда бірнеше күн бойы кептеліс орнайды. Сондықтан жылу маусымына жауапты мамандар аудан халқы қажетті көмірін ертерек қамдаса екен дейді.
Жалпы 147 нысанға қыстың қамы үшін қызу дайындық жүргізіліп жатыр. Оның 62-сі білім саласына, 35-і мәдениетке, 9-ы спортқа, 41-і денсаулық саласына тиесілі мекемелер. Аталған ғимараттардың 23-і сұйық отынмен, 100-і қатты отынмен, 24-і газбен жылытылады.
Жылу беру маусымы жақындаған тұста әлеуметтік нысандарда коммуналдық жүйелердің апаты мен ақауларын болдырмау аса маңызды. Бұл тұрғыда қыс мезгіліне қысылмай кіру үшін тыңғылықты дайындық жұмыстарын жүргізу қажет.
Ал аудан бойынша тұрғын үйлердің 60 проценті көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Олардың қатарында Ы.Жақаев, Бидайкөл, Байсын,
Н.Бекежанов, Ақмая, Алғабас және Ш.Қодаманов ауылдары бар.
Ал Еңбекші, Жиделіарық, ­Бестам, Ақтоған елді мекендерін газбен қамтамасыз ету бойынша жобалар тиісті министрлікке тапсырылған.
Тиісті мамандардың сөзіне сенсек жалпы құны 1 млрд 62 млн теңгені құрап отыр. Ал Алмалы, Телікөл ауылдық округтеріне ішкі және сыртқы магистралды газ құбырын жүргізу бойынша жоба-сметалық құжаттары сараптама қарауында. Оның болжамды құны – 1,3 млрд теңге.
Айта кетейік, облыс әкімінің тікелей қолдауымен құрылысшылар мерекесі қарсаңында құны 2,1 млрд теңге болатын Мұстафа Шоқай автоматты газ реттегіш станциясының құрылысы басталған болатын. Соған сәйкес Тартоғай мен Майлытоғай ауылдарының ішкі газ желісінің жобалық сметалық құжаттары дайындалуда. «Жоғарыда аталған жобалар іске асқан жағдайда аудан халқының 85 проценті газбен қамтылады» дейді аудандық ТКШ бөлімінің қызметкері.

Г.ЯХИЯ

27 қыркүйек 2022 ж. 347 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031