АРХИВТЕГІ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
Архив және болашақ ұрпақ. Дәл осындай атаумен сәрсенбіде Шиелі аудандық архивінде ашық есік күні өтті.
Шараға аудандық оқушылар үйінің директоры Бауыржан Әбішов, Жастар ресурстық орталығының басшысы Ержан Әбдешов, аудандық «Өскен өңір» газетінің бөлім меңгеуршісі Гүлхан Яхия, мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты.
Шараға аудандық оқушылар үйінің директоры Бауыржан Әбішов, Жастар ресурстық орталығының басшысы Ержан Әбдешов, аудандық «Өскен өңір» газетінің бөлім меңгеуршісі Гүлхан Яхия, мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты.
Алдымен архив ісінің ерекшеліктері мен басты бағыты туралы мекеме директоры Ерболат Дүйсенбаев:
– Бүгін ашық есік күні еліміздің барлық архивтерінде өтуде. Мұрағат ісімен өскелең ұрпақты жақыннан таныстыру, қорда сақталған түрлі материалдар арқылы олардың отансүйгіштігін арттыру, таным көкжиегін кеңейту мақсатында ұйымдастырылып отырған шара. Жалпы әлемнің әрбір мемлекетінің өркениеттік өлшемі, дамуы барлығы осы архивтермен тікелей байланысты. Өйткені жазба тарихтың барлығы осында жатыр, – деді.
Ашық есік күніндегі алғашқы шара оқушылардың ғылыми жоба қорғауынан басталды. Басты мақсат – мектеп оқушылары «Отан үшін от кешкендер» тақырыбында архив және жеке тектік қорлардағы құжаттарға сүйене отырып ғылыми жоба қорғауы тиіс. Нәтижесінде сәтті жоба қорғағандар жүлделі орындармен марапатталды.
Одан соң архивтің қойма меңгерушісі Н.Төлешова «Архив – құнды құжаттар қоймасы» тақырыбында келушілерге экскурсия ұйымдастырса, архивист Ж.Кенебекова «Аталар ерлігі мәңгілік» атты жеке тектік қорлардан көрме ұсынды.
Жалпы республика бойынша 220-ға жуық архив бар. Онда 26 млн құжат сақталған. Ашық есік күні мектеп оқушылары аудандық мұрағатқа барып, құнды құжаттармен танысып, тарихқа терең бойлады. Мемлекеттік архив те жеткіншектерге есігін айқара ашты.
Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ