Мерейлі отбасының мерейі үстем
Байырғылар «Отан – бақыт мекені» деп әр шаңырақтың қоғамдағы маңызды орны мен рөлін айқындап берсе, «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» деп бала тәрбиесіне ерекше ден қойған. Қай заманда, қай елде болсын отбасының ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайтыны анық.
«Отбасы күніне» орай бейсенбіде Б.Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында және Қызылорда облысының «Жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» атты «Мерейлі отбасы – 2022» Ұлттық конкурсының аудандық деңгейіне қатысушы отбасыларына арналған салтанатты шара өтті. Үлгілі шаңырақтың шаттығын еселеп, мерейін өсірген байқауға аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов қатысып, ұлттық конкурстың аудандық деңгейіне қатысқан отбасыларды құттықтады.

– Халқымызда «Өнегелі отбасы – елдің тұтқасы» деген дана сөз бар. Ізгілікті, өнегелі, мерейлі отбасылар қашанда көпке үлгі болуы тиіс. Үйелмелі-сүйелмелі бала-шағаны бір шаңырақта өсіріп, ер жеткізіп отырған ата-ананың еңбегі ерен. Олар бір-біріне бауырмал болып келеді. Кең-байтақ жерімізге ие болатын ұлағатты ұрпақ өсіру – бәрімізге міндет. Ендеше бүгінгі шараның тәрбиелік маңызы зор. Ауданда мерейлі отбасылар саны арта берсін, – деді Е.Амантайұлы.
Отбасы күні – баршамызға ортақ мереке. Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін «Мерейлі отбасы» аудандық байқауында ең үлгілі отбасылардың өмірі мен еңбегі көрініс тауып, отбасылық құндылықтар насихатталады. Ауданда бұл мерейлі шараға қатысуға ниет білдірушілер жылдан-жылға артып келе жатқаны қуантады.
Отбасы күніне орай ұйымдастырылған шараға ауданнан 13 отбасы қатысып, Мыңбаевтар отбасы – I орын, Бегмановтар отбасы – II орын, Шохановтар отбасы – III орын, Байжановтар мен Рыспембетовтер отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық деңгейінде лауреат атанып, ауданның мерейін асқақтатты. Қалған қатысушы отбасылар номинациялармен марапатталып, арнайы сый-сияпаттар табыс етілді. Салтанатты шара соңы концертке ұласып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Сұлушаш МАДИЯРОВА