Miss Qazaqstan 2022 байқауы: Ең сұлу аруға 5 млн теңге бұйырады
Miss Qazaqstan 2022 сұлулық байқауының 26-шы маусымы 18 қараша күні Алматыдағы Республика Сарайында өтеді. Бас жүлдеге – бес миллион теңге беріледі,деп хабарлайды BAQ.KZ Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Жобаны ұйымдастырушылардың айтуынша, ел бойынша кастинг 15 қыркүйекке дейін өтті. Ал қарашаның алғашқы екі аптасында қатысушылардың бәрі қонақүйде бірге тұрып, басты шараға – «Miss Qazaqstan 2022» байқауының финалына дайындық жүргізеді. Ауқымды шара 18 қараша күні Алматыдағы Республика Сарайында өтеді.Сұлулық байқауына 17-25 жас аралығындағы, бойы 165-185 сантиметр, тек сұлулығымен көзге түсіп қана қоймай, шешендік өнері басым, білімдарлығы жоғары арулар қатыса алады. Қазақ және ағылшын тілін жетік білу финалиске қызық әрі ерекше жарыс жолында жеңіске жетуге мүмкіндік беретіндігі баса айтылған. «Бас жүлде – бес миллион теңге және халықаралық деңгейдегі байқауларда қатысу мүмкіндігінен бөлек, қатысушылар «Тұран» университетінде оқу грантын және байқаудың эксклюзив мерчі мен бьюти-бокстар алады, – дейді ұйымдастырушылар.Биыл Қазақстан аруы атанатын бойжеткен «Әлем Аруы», «Ғалам Аруы» және «Жер Аруы» байқауына қатысып, өз елінің намысын қорғайтын өзге арулармен жарыс жолына шығады.
Байқауға қатысушыларда тек сыртқы келбеті емес, сонымен қатар, интеллектуалдық тапқырлық, көпшілік алдында сөйлей білуі және шешендік өнерді меңгеруі де маңызды. Әлемдік аренада бізді тек финалист қатысушылар деп емес, сонымен қатар лайық бәсекелес ретінде қарастырса дейміз, – деді байқаудың кастинг-директоры Гүлжан Давлетова.Жаңа жұлдызды қазылар алқасының құрамында америкалық гауһар тас магнаты және зергерлік бұйымдар мен сағаттар дизайнері Джейкоб Арабо мен дүние жүзіне танымал шведтік саяхатшы Йохан Нильсон бар.
https://baq.kz