Жемқорлыққа тосқауыл керек

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей кез келген адам мұндай кеселмен бетпе-бет келген жағдайда ол туралы тайсалмай тиісті органдарға дереу хабарлау керек. Баршаңызға аян өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жемқорлық дерті дамушы елдердегідей біздің мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Осы себептен Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы сыбайлас жемқорлықпен күресу болып табылады.
«Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек» дейді. Осы бір сөзінен Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтінін аңғаруға болады. Ендеше, бәріміз жұмылып жемқорлыққа жол бермейік!
Арайлым НҰРМАНОВА,
Шиелі ауданы Қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы
Шиелі ауданы Қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы