Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ТАПШЫЛЫҚ БАЙҚАЛМАЙДЫ

ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ТАПШЫЛЫҚ БАЙҚАЛМАЙДЫ

Қызылорда облысындағы өңірлік тұрақтандыру қорында 800 тоннаға жуық өнім қоры бар. Бұл туралы «Байқоңыр» ӘКК Тұрақтандыру қорының жұмыс жөніндегі басқарма басшысы Талғат Бекішев мәлімдеді.
Оның айтуынша, қорда бүгінгі таңда әлеуметтік азық-түлік тауарларының көптеген түрлері жинақталған. Аталған тауарлар «Айналым схемасы» шеңберінде қарыз алған кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдері 38 әлеуметтік дүкен арқылы және облыс орталығының 17 ірі сауда үйінің әлеуметтік бұрыштары арқылы сатылады. Барлық әлеуметтік дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрі белгіленген бағада босатылуда. Атап айтқанда, нан – 55, қант – 444, өсімдік майы – 630 теңгеден, картоп – 130, сәбіз – 130, басты пияз – 100, қырыққабат – 95, 1 сортты ұн – 135, қарақұмық жармасы – 514, күріш – 175, макарон – 200, сиыр еті – 1700, тауық еті – 785, жұмыртқа – 29, сүт – 280, айран – 225 теңгеден, сүзбе – 1283, сары май – 2504 теңгеден және тұз 40 теңгеден сатылып жатқан көрінеді.
Сондай-ақ облысқа ұн өндіруші кәсіпорнымен 4 699,4 тонна ұн босатылып, оның ішінде 4383,7 тоннасы облыстағы 51 ірі наубайханаларға бөлке нанды төмендетілген бағада сату үшін мақсатты түрде берілген. Жалпы алғанда қор жұмысы үшін облыстық бюджеттен соңғы үш жылда 3,9 млрд теңге бөлінген.

Р.ӘНӘПИЯ
31 тамыз 2022 ж. 228 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930