Қазақстан кезең-кезеңімен цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшіп жатыр
Соңғы жылдары технологиялар шапшаң дамып жатыр, мұны, әсіресе ақпарат жеткізудің жаңа әдістерінің енгізілуінен анық байқауға болады. Кино мен хабарларды кішкентай теледидардан көріп жүргеніміз кеше ғана сияқты. Кескіннің ақ-қара түсті болғанын, кейде тіпті дыбысы да жоғалып кететінін елестету қиын-ақ. Бірақ бақытымызға қарай, түрлі-түсті теледидардың дәуірі басталып, кескін түрлі түсті, дыбыс әр динамиктен тоқтаусыз шығып тұратын болды. Бұл әрине, болашаққа бастаған маңызды қадам еді.
«Қазтелерадио» акционерлік қоғамының жаңа заманға сай техникалық шешімдерінің арқасында 2018 жылдан бастап аналогты телевизия өшіріліп, цифрлық эфирлік хабар таратуға кезең-кезеңмен көшу басталды. Бүгін жоғары сапалы кескін және дыбыс беретін сигналдар Маңғыстау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Жетісу, Павлодар, Қостанай облыстарының, сондай-ақ, елорда тұрғындары мен қонақтарына, Алматы және Шымкент көрермендеріне қолжетімді. Республиканың 92,43 процент жері ЦЭТВ-мен қамтылған.

Цифрлық Эфирлік Телевизия дегеніміз не өзі? Жай сөзбен түсіндіретін болсақ, бұл – сигналды жеткізудің жаңа технологиясына көшу. Аналогты сигнал ауылдық жерлерге тек 2-3 арна жеткізетін, әрі ауа райы құбылыстарына төзімсіз болатын, сондықтан жиі-жиі дұрыс көрсетпейтін.
Цифрлық эфирлік телевизия неғұрлым сапалы кескін мен дыбыс қабылдауға мүмкіндік береді. Ең бастысы трансляцияланатын арналардың санын бірнеше есе арттырып, облыс орталықтарында 30-ға дейін, тіпті ең шалғай аудандарда 15-ке жеткізді. Бұдан басқа қазір абоненттерге түрлі сервистер қолжетімді, оның ішінде телебағдарлама, қаралатын телехабардың қысқаша сипаттамасы және т.б. бір сөзбен айтқанда, аналогты хабар таратудан цифрлық хабар таратуға көшу көрермендер үшін де, ұлттық оператор ретінде хабар тарататын «Қазтелерадио» АҚ үшін де алға басқан үлкен қадам.
Цифрлық Эфирлік Телевизия абоненті болу өте оңай. Ол үшін теледидарға цифрлық сигнал қабылдайтын жалғама құрал мен дециметрлік антенаны жалғасаңыз жеткілікті. Сіздің алдыңызға керемет сапамен көрсетілетін отандық арналардың тізімі шығады. Айтпақшы, заманауи теледидарлардың көбінің ішіне цифрлық эфирлік сигнал қабылдағыш салынған. Ол кез келген бағдарламаны жалғама құралсыз көруге мүмкіндік береді. Ең маңыздысы, цифрлық эфирлік ТВ топтамасындағы арналар су тегін таратылады.
Сонымен Цифрлық Эфирлік Телевизияға көшу дегеніміз, бұл – республикалық маңызы бар қалалар мен облыстық орталықтарынан алыс тұратын болсаңыз да, сүйікті хабарларыңызды тегін әрі керемет сапамен көру мүмкіндігі.
Қалай қосылуға болатыны және жабдық сатып алу туралы толық ақпаратты www.tsetv.kz сайтынан, сондай-ақ, ұялы операторларға тегін 8 8000 800 193 нөмірі немесе 193 нөмірі арқылы ала аласыз.