ЦИФРЛЫҚ ТЕЛЕВИЗИЯ ДӘУІРІ

Цифрлық телевизия мен аналогты телевизияның айырмашылығы неде, оның жауабы айқын. Қазақстандықтар цифрлық ТВ-ға көшкенде бұрынғыдан анағұрлым көп арналарды көре алады. Сонымен қатар, ЦЭТВ кескін пен дыбыстың жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Мұнда «аналогтан» айырмашылығы, кескін үзілмейді, дыбыс жоғалмайды. Бұл жерсеріктік немесе кәбілдік телевизиямен бірдей, бірақ олардан цифрлық эфирлік хабар тарату су тегін болуымен ерекшеленеді.
Аналогты телевизияны толық өшіре отырып, цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшу жөніндегі жобаны іске асыруды аяқтау мақсатында Қазақстанның барлық аумағы бойынша 827 цифрлық радиотелевизиялық станция салу және жаңғырту жоспарлануда. Бүгінгі күні 546 радиотелевизиялық станция пайдалануға берілді, осылайша, халықтың 91,11%-ының цифрлық телевизияға кепілді түрде қол жеткізуін қамтамасыз етуге жол ашылды.