Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Алтынай Жорабаева мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға көмектеседі

Алтынай Жорабаева мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға көмектеседі


Әнші цифрлық хабар таратудың ерекшеліктері туралы ақпарат беріп, халықты әлеуметтік жауапкершілік танытуға шақырады
Әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева аналогтық телевизиядан цифрлыққа (ЦЭТВ) өту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның бренд-амбассадоры болып жарияланды, деп хабарлайды Sputnik.
Алтынай Жорабаева Қазақстанда цифрлық хабар таратуға көшудің қажеттілігін түсіндіруге белсенді түрде қатысады. Әншінің айтуынша, жобаға қол ұшын созу кезінде оның азаматтық ұстанымы белгілі болады. 
"Қазақстан заман ағымымен бірге жүріп, жаңа цифрлық технологияларды ендіріп, оларды даму жолында қолдануы қажет", — дейді әнші. 
Алтынай Жорабаева қазіргі Түркістан облысының тумасы. Ал Маңғыстау, Жамбыл және Түркістан облыстары осы жылдың қазаны мен желтоқсанында аналогтық хабар таратуды тоқтатып, цифрлыққа өтетін алғашқы өңірлердің қатарында болады.
"Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, халықты құлақтандыру аясында жобаның бренд-амбассадоры Қазақстан халқына цифрлық хабар таратуға өтудің қажеттілігі туралы бейнеүндеу жолдайды. Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының пікірін біліп, халық пен БАҚ үшін сұхбат береді.
 Сонымен қатар, цифрлық хабар таратудың ерекшеліктері туралы ақпарат беріп, халықты әлеуметтік жауапкершілік танытуға және телерадиохабар тарататын отандық операторды қолдауға шақырады.
Кейбір материалдар Алтынай Жорабаеваның өте көп жазылушысы бар, әлеуметтік желілердегі парақшаларыда жарияланады. Оны Instagram-да 1,7 млн қазақстандық оқиды. 
ЦЭТВ (цифрлық эфирлік телевизия) – бұл "Женева 2006" халықаралық келісімі аясындағы аналогтық телехабар таратудан цифрлыққа өту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама. Құжатқа 100-ден астам елдің өкілі қол қойған. Оның ішінде Қазақстан да бар. 
  Sputniknews.kz
28 тамыз 2018 ж. 570 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (8715)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (8714)

16 тамыз 2019 ж.

№62 (8713)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам