Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "БАЙҚОНЫР" ӘКК АҚ-НА ЖҮРГІЗІЛГЕН СЫРТҚЫ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

"БАЙҚОНЫР" ӘКК АҚ-НА ЖҮРГІЗІЛГЕН СЫРТҚЫ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 18 тамыз 2022 жылы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент) "Байқоңыр (Байқоңыр)               "Әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы (әрі қарай – ӘКК), "Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдерімен және белсенді азаматтармен кездесу өткізілді.  
Кездесу аясында ӘКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері (әрі қарай – Талдау нәтижелері) талқыланды.
Талдау нәтижелерімен ӘКК-дың жұмысын реттейтін нормативтік құқықтық базаның жетілмегендігі, төмендетілген құн бойынша активтерді сату, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыруға тиісті шараларын уақытылы қабылдамау осы саладағы түйінді проблемалық мәселелер екені белгілі болды.
         Мәселен,әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті есептен шығару кезінде тәуекелдер орын алған, яғни тауар жеткізілгеннен кейін 3 айдан астам уақыт өткеннен кейін ӘКК өнімдердің бір бөлігі дұрыс сақталмау салдарынан жарамсыздығы анықталып, есептен шығарылған.
         Атап айтқанда, 2021 жылы басты пияз - 288 тоннаның - 204 тоннасы (барлық дерлік көлемі) немесе 11 млн. теңгеге,сәбіз - 80 тоннаның - 44 тоннасы (жартысы)немесе 2 млн.теңгеге және қырыққабат - 15 тоннаның - 6 тоннасы немесе 553 мың теңгеге жарамсыз ретінде есептен шығарылған.
         Сонымен қатар өткен жылы картоп пен сәбізді ӘКК-мен жалпы 39 млн.теңгеге қымбат алынғаны да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын алатын                    өнім берушіні таңдау мәселесіне де сұрақтар туындатады.
         Бұлар өз кезегінде карантиндік мерзімде ӘКК-мен әлеуметтік маңызы бар             азық-түлік өнімдерін тиісінше сақтауға шаралар қабылдамағандықтан немесе жоғары бағамен алынуы олардың нарықтық бағасының жоғарылауына да себебі болғаны жоққа шығарылмайды.
         Бұдан бөлек, ӘКК-да кадр мәселесі бойынша, яғни жұмысқа қабылдау барысында ашықтық қамтамасыз етілмегендігі жеткізілді.
         Департамент тарапынан анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін  жою туралы тиісті ұсыныстар енгізілді.
         Жиын нәтижесінде ӘКК-нің басшылығымен анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде қабылданатын  және алдағы уақытта мұндай кемшіліктерге жол бермеуге жүйелі шаралар жүргізілетіні хабарланды.  
25 тамыз 2022 ж. 304 0