Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәтті өткен семинар

Сәтті өткен семинар

Апта басында Ы.Жақаеав ауылындағы «Ай-Бек» ЖШС жеке балабақша яслиінің ұйымдастыруымен аудандық тәжірибе алмасу семинары өтті.
Семинарға ІҮ әдістемелік аймақ жетекшісі ­Айзат Ерденбекқызы бастаған ұйым мүшелерінен 14 балабақша меңгерушілері, әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. Шара барысында «Құлыншақ» ересектер тобының жауапты тәрбиешілері Айнұр Усейнова мен Гүлизат Жусипбаева «Әдемі гүлдер» тақырыбында шығармашылық білім беру саласы бойынша дәстүрден тыс сурет салу арқылы оқу қызметін ұсынды. Ал «Айналайын» ортаңғы тобының жауапты тәрбиешілері Айгерім Ізбасханова мен Ақерке Дәуренбекова «Аквариумдағы балықтар» атты оқу қызметіндегі өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, балабақша ясли әдіскері ­Ханзада Байдилдаева семинарға қатысушылармен арнайы тренинг өткізсе, балабақша ясли меңгерушісі әрі би жетекшісі Ботакоз Аркашбаева қонақтарға мерекелік шара ұйымдастырып, тәжірибе алмасу семинарын жүргізді. Семинар соңында ІҮ әдістемелік аймақ жетекшісі Айзат Ерденбекқызы қатысушылар пікірін тыңдап, шара соңында белсене қатысқан ЖШС ­«Ай-Бек» жеке балабақша қызметкерлерін Шиелі аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапаттады.

Е.ДАТКЕНОВ
22 тамыз 2022 ж. 658 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (9407).

30 мамыр 2026 ж.

№39 (9406)

26 мамыр 2026 ж.

№38 (9405).

23 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930