Қараусыз мал қалтаға салмақ салмасын
Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, жыл басынан бері кент аумағында қараусыз жүрген 225 бас мал егесіне айыппұл салынған.
Осындай шара қолдануға ауыл тұрғындарының бағып отырған малдарына дұрыс қарамай, емін-еркін жібере салғандары себеп болған.
Осындай шара қолдануға ауыл тұрғындарының бағып отырған малдарына дұрыс қарамай, емін-еркін жібере салғандары себеп болған.
– Өйткені қараусыз жүрген үй жануралары кент көшелерін, алаңдарда, гүлзарларда, басқа да қоғамдық ортақ пайдаланылатын орындарға биологиялық қалдықтарын қалдырып, мемлекет меншігіне зиян келтіруде. Мұнымен қоймай түнгі уақытта автокөлік жолдарына шығып кетіп, жол апатын тудыруда. Біз мұндай жағдайларға бейжай қарай алмаймыз, – дейді полиция бөлімі өкілдері.
Негізінен айыппұлдар Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 408-баптың 1-ші тармағы бойынша салынуда. Яғни «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын» бұзған жағдайда мал иесіне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Сондықтан мал ұстап отырған аудан тұрғындары үй жануарларын қараусыз қалдырмаңыздар!
Р.БЕКТҰРҒАНҰЛЫ