Жасөспірімдерді ойын-сауық орнына ересексіз кіргізген кәсіпкер жауапкершілікке тартылады
BAQ.KZ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтеІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк айтты.
Балаларды қараусыз қалдыру және ойын-сауық, тұрғын үй болып саналмайтын ғимараттарға ересектерсіз жіберу жағдайлары үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Мұндай жағдайда әкімшілік жауапкершілікке ата-ана ғана емес, нысан иесі де тартылады. Ата-анаға есекерту жасалса, жеке кәсіпкерлік субъектісіне үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Жыл басынан бері мұндай әрекеті үшін 29 мың ата – ана, 500-ден астам кәсіпкерлік субъектісі жауапқа тартылды, - дейді ол.
Оның айтуынша, жазғы каинкул кезінде балалардың жарақаттануы, оларға қарсы зорлық-зомбылық әрекет пен өздерінің заңбұзушылық іске бару қауіпі жоғарылайды. Оның негізгі себебі кәмелетке толмағандардың бос уақытының дұрыс ұйымдастырылмауы мен қолайсыз отбасында тәрбиеленулері.
Ішкі істер органдары кәмелетке толмағандардың заң бұзушылығының алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Оның ішінде қауіп тобына жататын жасөспірімдерге назар аударылады. Қазіргі күні 5 мыңға жуық жасөспірім мен 7 мың қолайсыз отбасы полиция тіркеуінде тұр. Жыл басынан бері екі мыңға жуық ата-ана бала тәрибесіне араласпағаны үшін жауапқа тартылды. Оның 300-ге жуығы ата-ана құқығынан айырылды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына қараусыз қалған 1500-ге жуық жасөспірім жберілді, -деді ол.