Төтенше жағдай режимін бұзғандар жауапқа тартылады
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы Жарлығымен еліміздің аумағында COVID-19 коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты төтенше жағдай енгізіліп, ол қазіргі таңда 2020 жылдың 11 – ші мамырына дейін ұзартылды.
Бұл ретте ерекше құқықтық режим енгізілгенін ескеру қажет.
Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзу немесе талаптарды орындамау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476 бабымен жауапкершілікке тартылады.
Дегенмен, төтенше жағдай режимін бұзып, көпшілік жиналатын орындардың жұмыс жасауы және отбасылық іс-шаралардың өткізілу деректері кездесуде.
Қазіргі таңда, аудан бойынша төтенше жағдай режимін бұзған 71 тұлға әкімшілік кодекстің 476 бабымен жауапкершілікке тартылды.
Жауапқа тартылғандардың 37-не әкімшілік қамаққа алу, 17-не айыппұл және 17 адамға ескерту түріндегі жаза қолданылды.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Шиелі тұрғындарын мұндай әрекеттерге бармауға және төтенше жағдай режимі кезінде белгіленген шектеулерді сақтауға шақырамыз.
Тұрғындардың назарына жеткізу үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сақтандыру шаралары мен қабылданған шектеулер туралы түсіндірмелер кеңінен жүргізіліп жатыр.
Төтенше жағдай кезінде ресми расталмаған және көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 274-бабының 4 - бөлігінің 2 – тармағында көзделген 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылатынын ескертеміз.
Бұл ретте, төтенше жағдай кезінде шектеулерді бұзу, талаптарды орындаумау, көрінеу жалған ақпараттарды тарату жағдайлары бойынша қатаң шаралар көрілетін болады.
Халықты дүрліктіріп, араңдататын кез емес, керісінше карантин режимін қатаң сақтап, осы қиындықты бірлесе еңсеруге жұмылу қажет.
Әлем жұртшылығын әбігерге салған пандемияны халқымыздың төзімділігі мен зор сенімі арқасында міндетті түрде жеңіп шығамыз.
Шиелі аудандық прокуратурасы