Заңсыз митингіге шыққан азаматтар жауапқа тартылады
Бас прокуратураның жазуынша, құқық қорғау органдары заңсыз митингіге шыққандарға тиісті шара қолданылады. "Мұндай акцияға қатысуға шақырғандар, ұйымдастырғандар не қатысқандар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабымен жауапқа тартылады", - деп ескерткен.
"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 1 мамырда рұқсат етілмеген митингіге қатысуға шақыру жазбалары тарап жатыр. Мұндай акцияларға қатысқандардың әрекеті бейбiт жиындар мен митингiлерді ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңды бұзу деп танылады", - деп жазылған үндеуде.
Естеріңізге сал кетсек, Алматы соты Қазақстан Конституциясынан цитата ілген Роман Захаровты ұсақ бұзақылық бабымен 5 тәулікке қамаған болатын. Захаров ілген баннерде Конституцияның 3-бабы 1-тармағындағы "Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық" деген сөз жазылған.