2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушылардың 87 пайызы сауықтыру шараларымен қамтылады

Оқушылардың 87 пайызы сауықтыру шараларымен қамтылады

BAQ.KZ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы Есенғазы Иманғалиев айтты.

Оның айтуынша, елімізде Үкімет бекіткен балалардың жазғы уақытындағы каникулын жүйелі ұйымдастыру, жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс қимыл картасы бар. Оқушылардың жазғы каникулын ұйымдастыру соның аясында жүзеге асырылады.

Министрлік кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың рөлін өңірлік деңгейде нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Осы орайда бүгінгі күні өңірлерде екі мыңға жуық психологиялық қызмет жұмыс істейді. Оларға он бір мыңнан астам маман тартылған, - деді ол.

Оның айтуынша, биыл бірінші және оныншы сынып аралағындағы 3 миллион 317 мың оқушысы жазғы каникулға шықты.

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 13 мың сауықтыру алаңдары дайын, 235 қала сыртындағы лагерьлер балаларды маусымдық қабылдауға әзір. Санитарлық нормаларды сақтай отырып екі миллионнан астам баланы немесе оқушылардың жалпы санының 87,7 пайызын сауықтыру көзделген. Оның ішінде бес жүз мыңы әлеуметтік осал топқа жататын оқушылар,- деді ол.
31 мамыр 2021 ж. 478 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930