Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Арнайы келген марапат

Арнайы келген марапат

Ана – қасиетті де, қастерлі сөз. Ана — тіршіліктің бастау бұлағы, әлемнің ажырамас бөлігі, сұлулықтың асыл тәжі. Ана — қандай да болсын құрметке лайық. Халқымыздың басқа халықтан айырмашылығы – балаларым деп бәйек болып, солар үшін бар өмірін ­арнайтыны. Бұл – ұлттық қасиетіміз. Осы қасиеті ана мен бала арасындағы сый-құрметтің артуына себеп. Оны мәпелеп өсірген баласы жетістікке жетіп, анасы Зоя Ибауллаеваға арнайы келген ­марапаттан аңғаруға болады.
Зоя Қожабайқызы 1971 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжнің «бастауыш білім беру» мамандығы бойынша білім алған. Бүгінде өз мамандығы бойынша аудандағы «Жадыра» мемлекеттік балабақшасында қызмет атқарады. «Бала біздің болашағымыз» деген сөз ұран еткен ұстаз бүлдіршіндердің тәрбиесіне ерекше мән беріп, мейрімділікке, отансүйгүштікке, жақсылыққа тәрбиелеп келеді. Қазір Зоя Қожабайқызы жолдасымен бірге 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр. Ал оның жолдасы Алмас Сармантаев жоғары білімді заңгер, ҚР ІІМ-нің тергеу-анықтау саласында ұзақ жылдар қызмет атқарған, зейнеткер.
«Әке көрген оқ жонар» дегендей ұлы Бақыт ­Оразалиев әке жолымен құқық қорғау саласында қызмет атқару мақсатында ҚР ІІМ-нің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай акедемиясына оқуға түсіп, 2021 жылы «құқық» мамандығы, «бакалавры» әділет лейтенанты дәрежесі бойынша үздік бітірді. Қазіргі уақытта Қармақшы ауданы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі бөлімінің пробация қызметінің инспекторы қызметін атқаруда. Пробация қызметінде оның еңбекқорлығы, қызметіне адалдығы ескеріліп, Қызылорда ­облысы бойынша Қылмыстық Атқару Жүйесі Департаменті бастығының 2021 жылы 27 тамыз, № 79 бұйрығымен қызметтегі жақсы жетістіктері үшін және 30 тамыз ҚР-ның ­«Конституция күні» мерекесіне байланысты грамотамен марапатталған. 23 маусым Қазақстан полиция мерекесімен 2022 жыл 22 маусым жеке құрам бойынша №90 бұйрықпен арнайы алғыс хатпен марапатталған. Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі бұйрығымен 2022 жылы 27 маусым күні аға лейтенант атағын алған.
Жуырда қызметінде адал, ұқыптылығын, тәртібімен көзге түскен Бақыт Алмасұлының өзі ғана емес, анасы Зоя Қожабайқызына да құрмет көрсетілді. Дәлірек айтсақ, Зоя Қожабайқызына Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның басшылығы «офицердің анасы» медалін табыстап, алғыс хат ұсынды. Осынау айтулы шараға Зоя Қожабайқызының әріптестері «Жадыра» мемлекеттік балабақшада меңгерушісі Нұртаева Жанар мен ұжым қызметкерлері де қатысып, офицердің анасын құттықтады.

Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ
25 шілде 2022 ж. 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031