Бензин бағасы бекітілді
Елімізде жанар-жағармай бағасы 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен қымбаттайды. Сонымен бірге Аи-80, Аи-92, Аи-93 бензинінің бағасы бекітілді.
2022 жылғы 14 шілдеде ҚР Энергетика министрлігінің мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту, сондай-ақ мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрықтары күшіне енді.
2022 жылғы 14 шілдеде ҚР Энергетика министрлігінің мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту, сондай-ақ мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрықтары күшіне енді.
Құжатта көрсетілгендей, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиннің шекті бағасы литріне 187, Қазақстанның басқа облыстарында баға бұрынғы деңгейде – литріне 182 теңгені құрайды. Ведомствоның ақпараты бойынша, екі облыста бағаны түзету бөлшек сауда сатушыларының мұнай өнімдерін өндіруші зауыттардан алыстығына орай логистикалық шығындармен байланыстырылып отыр.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау, сондай-ақ жаңадан құрылған Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында Аи-92 литріне 182 теңгеден сатылмақ. Дизелді отын бағасы Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында литріне 260 теңгеден белгіленеді. Ал Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және өзге облыстардың барлығында литріне 230 теңгеден сатылады.
Сондай-ақ мұнай өнімдері тізбесінен Аи-95 маркалы бензиннің бағасын мемлекеттік реттеу алынып тасталды. Өйткені Аи-95+ және одан жоғары өндіру кезінде қымбат тұратын импорттық қоспалар мен бензиндердің жоғары октанды компоненттерінің үлкен шығыны талап етіледі. Импорттық қоспалардың бағасы мұнай бағасымен және валюта бағамымен байланысты.
Бұйрыққа сәйкес дизель отынына шекті бағалар өзгермейді және Қазақстанның барлық өңірлерінде бұрынғы деңгейде қалады: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында баға литріне 260 теңгені құрайды, ал Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында – литріне 230 теңге.
Айта кетейік, 2025 жылдан ЕАЭО-ның ортақ мұнай өнімдері және мұнай нарығының қалыптасуы басталады.
С.МАДИЯРОВА