Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бензин қымбаттай ма?

Қазақстанда бензин қымбаттай ма?

Елімізде жыл басында АИ-92, АИ-93 маркалы бензин бағасын 6 ай бойы тұрақты ұстап тұру шаралары қабылданғаны белгі. Ал сол белгіленген мерзім санаулы күндерден кейін аяқталады. Көбіміздің көкейімізде «бензин бағасы өсе ме?» деген заңды сауал туындап отыр.
Энергетика министрлігі өкілдерінің айтуынша министрлік мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге қатысты шекті бағаларды өзгерту туралы жоба дайындап жатқан көрінеді. Дегенмен алдағы айларда көптеген өңірлерде бензин бағасы өзгеріссіз қалмақ. Тек, АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасы: Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – литріне 187 теңге; Барлық басқа облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда – литріне 182 теңге болып бекітіледі.
Ал Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыс­тарында бөлшек сатушыларға алыс өңірлерге тасымалдауда логистикалық шығын артуына байланысты шекті бағаны 5 теңгеге арттыру жоспарланып отыр. Мұндай баға 180 күн ішінде сақталады.
Дизель отынының бағасына келер болсақ, жаңа қосылған облыстарда дизель отыны бағасы (жазғы, маусымаралық) өзгеріссіз қалады.Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыс­тарында, сондай-ақ Абай облысында бір литрдің бағасы 260 теңге, ал Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сонымен қатар, Жетісу, Ұлытау облыстарында литріне 230 теңге болады.

Рамазан ӘНӘПИЯ
27 маусым 2022 ж. 635 0