Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бензин бағасы тағы қымбаттады: Министрлік түсіндірді

Қазақстанда бензин бағасы тағы қымбаттады: Министрлік түсіндірді

Қазақстанның бірқатар қалаларында жүргізушілер бензин тапшылығына және жанармай бағасының өсуіне шағымдануда. Жағдайға қатысты энергетика министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұр-Сұлтан, Алматы, Орал және Батыс Қазақстан облысының тұрғындары наразылық білдіруде. Кейбір жанармай бекеттерінде АИ-98 маркалы бензин литріне 210 теңгеден сатылуда.
Энергетика министрлігі республиканың ішкі нарығында жанар-жағармай материалдарының бағасы сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасатынын, яғни оларды нарық реттейтінін айтты. 
"Қазақстанда жанар-жағармай материалдарының бағасы әлемдік мұнай бағасымен байланысты емес", - деп атап өтті департамент.
Энергетика министрлігі баға белгілеудің негізгі факторлары:
- Қазақстан Республикасындағы мұнайдың өзіндік құны (ішкі бағалар);
қайта өңдеу (мұнай өңдеу қызметі);
- салықтар мен акциздер;
- зертханалық зерттеулер және қосымша шығындар;
- банк несиелеріне қызмет көрсету;
- цистерналарды жеткізу және тазарту;
- жүктерді тасымалдау екенін айтты. 
"Тұтынушылар үшін ақырғы баға мұнай өнімнің көтерме бағасына, жанармай бекетіне дейінгі барлық көлік шығындарына, мұнай базаларында сақтауға, бөлшек сауда дистрибьюторының шығындарына, сондай-ақ акциздер мен салықтарға негізделген. Бүгінгі күні АИ-92 бензинінің бағасы Қазақстандағы жанармай құю бекеттерінде 154-тен 172 теңге/литр аралығында ауытқиды", - деп хабарлайды энергетика министрлігі.
Энергетика министрлігі мұнай қоры туралы да әңгіме қозғады. 
"Еліміздің аймақтарындағы жетіспеушілік факторларын болдырмау үшін мұнай өнімдері қорларының деңгейі үнемі бақылауда болады, ал төмендеген жағдайда Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары мен нарықтың негізгі қатысушылары мұнай өнімдерін осы аймақтарға жөнелтеді", - дейді министрлік. 
09 сәуір 2021 ж. 574 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930