Жасылелдіктер жарады
Жасыл ел» бағдарламасы ауданда да қарқынды жүзеге асуда. Жоба шағын ауданды көгалдандырып, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтуда. Биылғы мамырдан бастап шиелілік 180 жас жұмысқа орналасты. Жобаның мақсаты – жастарды еңбекке баулу, табиғатты аялау, өзгеге өнеге болуға шақыру. Ал биылғы жоспар мен меже қандай? Қанша жас жұмысқа тартылады? Осы сауалдарға жауап іздеп көрген едік.
2005 жылдан бері «Жасыл ел» жасақтары елімізді көгалдандыруда табысты еңбек етіп келеді. Солардың қатарында Шиелі ауданының жастары да жазғы демалыстарында туған жердің гүлденуіне атсалысып, нәпақа тауып белсенді еңбек етуде. «Сонымен қатар жоба еңбекке баулып қана қоймай, жастарды ортақ идеялар төңірегінде топтастырады. Жалпы «Жасыл ел» жасақтарының қызметіне 16-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Айта кетейік, 2021 жылы жасаққа 30 000-нан астам жастар жұмысқа орналастырылды. Осы жылы да Қазақстан бойынша 30 мыңнан астам жасты жұмысқа тарту жоспарлануда. Аудандағы жағдайды білу мақсатында жастар ресурстық орталығының директоры Е.Әбдешовке хабарласып, мән-жайды сұрадық.

– «Жасыл ел» бағдарламасы жақсы бастама ретінде жарқын істерді жүзеге асыруда. Қаншама студенттерiмiз бос уақытын тиiмдi пайдаланып, туған өлкесіне қызмет жасауда. Бiр жағынан ауданды гүлдендiруге, көгалдандыруға атсалысса, екiншiден, әрбiр жас өзiнiң бос уақытын игі іске жаратып отыр. «Жасыл ел» еңбек жасағы Шиелі ауданы бойынша алғашқы легі 16 мамыр күнінен бастау алды. Экологиялық ахуалды жақсарту үшін, қоршаған ортаны қорғау мақсатын көздеген бағдарлама өз жалғасын тауып, бүгінде «Жасыл ел» сапында, 170-ден астам жас қатысып, тынымсыз еңбектенуде. Жоспар бойынша Шиелі ауданында 200 жасты жұмыспен қамтуымыз керек. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады, – дейді ол.
Қорыта айтқанда, «Жасыл ел» сарбаздары ауданды жасыл желекке көмкеріп қана қоймай, тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыруға еңбек ететін болады.
«Өскен өңір» ақпарат