Өнерлі өрендер топ жарды

Ашылғанына аз ғана уақыт болған өнер орталығы өз жемісін беріп үлгерді. Түркістандағы додада бақ сынаған «Like scholl» өнер орталығының оқушылары жүлдемен оралды. Атап айтқанда, Дияра Асылхан көркем сөз оқудан бірінші орынды жеңіп алса, Айзере Әбіләкім бейнелеу өнері бойынша бірінші орынды иеленді. Одан кейін Ғазиза Шакизат көркем сөз оқудан көпшілікті тәнті етті. Сондай-ақ осы мектептің шәкірттері Анел Кеңесбаева, Жансая Естаева, Әлина Әділхандар қол өнер бойынша жүлделі үштіктен көрінді. Осындай өрендерді дайындаған көркем сөз тобының жетекшісі Ү.Сәдуақасқызы, А.Әділсерікқызы, қол өнер жектекшісі С.Каукенова, А.Көбегенова, бейнелеу өнерінен Ердәулет Сатанов, шешендік өнерден Ү.Пірімбетова секілді жетекші мамандардың оқушылары айтулы жетістікке жетіп жүр.
Мектеп оқушыларының шығармашылығын шыңдап, үздік шәкірттерді дайындағаны үшін жетекшілері де арнайы марапатталып, сертификаттар алды. Осылайша, республикалық «Атадан мұра» байқауынан ауданның жас таланттары зор жетістіктерге жетіп, жағымды жаңалықтарымен сүйіншіледі. Бәрекелді!
Үрлайым Садуақасқызы