Ауызы аққа, көңілі көкке жетсін
Соңғы жылдары ауданда кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Оған Үкімет тарапынан халықтың экономикалық ахуалын жақсарту мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту», «Бастау Бизнес» сияқты мемлекеттік бағдарламалар үлкен шарапатын тигізуде. Жұмыссыз жастар, кәсіп бастауға ниетті жандар мемлекет тарапынан қолдауды сезініп, сан түрлі кәсіпті іске асыруда. Тіпті төрт түліктің санын көбейтіп, отандық өнімдердің қатарын толықтыруды көздеп отырғандар да бар.
Бүгінгі мақаламызға арқау болған кейіпкеріміз Зеңгі баба тұқымын көбейтпек. Мүйізді ірі қара қай кезде де қазақтың берекесін сақтап, ақша орнына жүрді, еті азық болды. Мал басын көбейтуге ниет білдірген кент тұрғыны Ақнұр Мамайқызы аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында білім алып, тиісті сертификатты иемденеді. Бұл – тұрақты табысы болмаған бұрынғы жұмыссыз жанның кәсіп бастауына мол мүмкіндік туғызды. Ал 583 мың 400 теңге көлемінде грант ұтып алуы, өзінің бизнес жоспарында көрсеткен мал шаруашылығы кәсібін бастауына септігін тигізді.

– Қазақтың негізгі табыс көзі – мал шаруашылығы. «Алма піс аузыма түс» деген заман емес. Ерінбеген адамға жұмыс қашан да табылады. Кәсіппен айналысамын деушілерге арналған түрлі бағдарламалар бар. Мемлекеттен шағын несие де беріледі. Қазір осы мал арқылы күнкөрісімізді айырып отырмыз. Алдағы уақытта ірі қара санын арттырып, кәсібімді кеңейту жолында барымды салып жұмыс істей бермекпін. Кейбір жастардың «жұмыс жоқ» деп қол қусырып отырғанына таң қаламын. Мал шаруашылығы ертеден келе жатқан ата кәсібіміз, ешкімді аштан өлтірмейді, – дейді ол.
Төрт түлікті өсіру оңай шаруа емес, маңдай терді талап ететін адал кәсіп. Оның жем-шөбі дайындаудың өзі үлкен мәселе. Кейіпкеріміз болашақта кәсібін одан әрі кеңейтіп, құрт, сүт өнімдерін өндірмек. Мал шаруашылығының дамуына өз үлесін қосуды басты міндеті деп есептейтін Ақнұр еңбектің ешкімге тәуелді етпейтінін жақсы түсінеді.
Ш.Тілеубаев