Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Бастау Бизнес» кәсікерлерге жол ашуда

«Бастау Бизнес» кәсікерлерге жол ашуда

«Бастау Бизнес» жобасы еліміздің көптеген жас­тарына өз кәсіптерін ашуға оңтайлы жол ұсынып, мол мүмкіндік жасауда. Өткен жылдың 9 қыркүйегінде мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Үкімет жұмысындағы басым бағыттардың бірі ретінде жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамтуды тапсырған болатын.
Осы жүктеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы, кәсіпкерлікті дамытуға арналған оң қадамды ұсынды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен өңірлерде қаржылық сауаттылықты арттыру, жаңа бизнес көздерін ашу, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында «Бастау Бизнес» жобасы кәсіпкерліктің негіздері бойынша тегін оқытатын семинарларды өткізуге ұйытқы болып, жоба «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясына енді. Кәсіпкерлік оқуға келмес бұрын, азаматтар арнайы тестілеуден өтіп, адамның кәсіпкерлікке деген қабілеті анықталып, сертификат табысталады. Содан соң мемлекет тарапынан несие алып, түрлі кәсібін ашуға оңтайлы жол жасалынады. Қолға алынған шаралар арқылы елімізде екі жыл ішінде 300 мың жас бизнес негіздерін игерсе, 80 мыңнан астамы жеке кәсіп ашқандар екен.
Бүгінде мемлекет тарапынан бизнесті қолдау мен дамыту бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Бастау Бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобасы Шиелі ауданында да жүзеге асты. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2019 жылы жалпы 869 өтініш түссе, 579 адам оқуды аяқтаған. Жыл қортындысы бойынша 200 адам несие алса, 401 адам осы оқу нәтижесінде грант ұтып алды. Ал 198 адам оқуға жолдама алып, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға мемлекет қолдауымен тегін оқытылды. Осы жоба арқылы 380 адамға 555 мың теңге берілсе, 21 адамға 252 мың теңге грант бөлінді. Сонымен қатар 2020 жылы жас кәсіпкер оқуына 2300 өтініш түссе, 268 адам оқуды аяқтап отыр. Жыл қортындысы бойынша 103 адам несие алса, 776 адам осы оқу нәтижесінде грант ұтып алды және 60 адам тегін оқуға жолданған. Бұл жоба арқылы 655 адамға 555600 теңге берілсе, 121 адамға 530200 теңге грант бөлінді. Осы оқу арқылы ауданның тұрғындары түрлі кәсіп ашып, жаңа бастамаларға қол жеткізіп отыр. Олардың ішінде қызмет көрсету саласы мен мал шаруашылығы алдыңғы қатарда. Жалпы Шиелі ауданы кәсіп ашып, өңірдің өркендеу жолында жаңашылдыққа бет бұрып келеді. Оны осы мәліметтерден аңғару қиын емес.

Шапағат Тілеубаев
22 қаңтар 2021 ж. 527 0