Ұлт жоқшысы
Саяхат-сапарлар кезінде қасыма жоқшы ертетін әдетім бар. Кей-кейде өзімнін де сол жоқшыға ергім келетін кездерім де болады. Жанына бір ере қалсаң, сана-сезіміңді сергітіп, ақылыңа-ақыл, біліміңе-білім қосатын, бағыт бағдарыңды компастай айқындап беретін білікті азаматтардың бірі де бірегейі – Өтеген Әбдіраман деп білемін.
Әр аймақтың, әр өлкенің жоқшысы болады, ал біздің Өтеген ағамыз бүгінде тұтас қазақ ұлтынын жоқшысына айналды десек артық айтқандық емес. Кәсіби тарихшы ретінде ол ең алдымен ұлт тарихының этнографиясының, одан қалды туған өлке табиғатының тіліміз бен дініміздің, ең бастысы, біліміміздің жоқшысы. Алтай мен Атыраудың арасында Өтегеннің табаны, қуатты қаламының шапағатты тимеген жер кемде-кем болар-ау. Сонау Сыр бойында дүниеге келген азаматтың бірде еліміздің шығыс шетіндегі Алтайдың дәрілік шөптерін, бірде еліміздің батыс қиырындағы Маңғыстау түбегінің ғажайып аңыздарын жинап жүргенін көргенде таңданбасқа амал жоқ. Өтегеннің қаламынан туған шығармалар «Қазақтың қара емдері», «Қазақтың дәстүрлі халық медицинасы», «Халық медицинасының ғылыми көкжиектері», «Қазақстан шипажайлары және минералды бұлақ көздері», «Қазақстан теміржолдарының медицинасы», «Қазақ елінің астаналары», «Самархан қаласының әмірі – Жалаңтөс БаҺадүр», «Қыпшақ қайраткерлері», «Қоқанның соңғы ханы Қыпшақ Әлімқұл (Әмірләшкер) Хасан би», «Қазақтың үш жауы», «Қазақтың ұлы дала төсіне жүргізілген тарихи шойын жолдарға қатысты мұрағаттық деректер», «Әлем мұсылмандарын қасиетті орындары мавзолейлер мен мешіттер», «Қамысқала, Ақмешіт, Перовск,Қызылорда қаласының тарихы Ресейдің әскери деректерінде» деп кете береді. 1986 жылы Ташкенте өткен Ибн-Синаның мың жылдық тойында жасаған «Қазақтың халық медицинасының ғылыми медицинамен байланысы», 1997 жылы Түркияның Қайсері қаласында өткен халықаралық конгресте жасаған «Қазақтың халықтық медицинасы – Түркітілдес халықтардың ежелгі білімдерінің бірі» деп аталған баяндамалары Өтекеннің білім көкжиегінің кендігін танытып қана қоймай, «Қазақтану» деп аталар қызғылықты ғылымның түпбастаушыларының бірі екенін көрсетсе керек. Өтеген ағамыздың тағы бір ерекше қасиеті – еліміздің батырлары мен бағландарының, жақсылары мен жайсаңдарының тарихын іздеп, солардың жоқшысы бола білуі дер едік «Жүргенге жөргем ілінеді» деген емес пе? Егер Өтеген Әбдіраман есімді жазушы-шежірешіні іздей қалсаңыз, бірде Ташкенттің «Қыпшақ махалласында» атты тарихтан өшіп бара жатқан ұлы қолбасшы Қыпшақ Әлімқұл (Әмірләшкер) молда Хасанбиге көше атауын беруді сұрап табанынан тозып жүргенін, енді бірде кезінде Әбдіжәлил бабтың (Қорасан әулие) кесенесінің дәл алдына ерленген Қожамсүгір бабасының бейтін қалыпқа келтіруге ұрпақтарын жұмылдырып жүргенін көрер едіңіз. Бүкіл ғұмыры жол үстінде, ізденіс үстінде өтіп келе жатқан ағамыздың қашан да таптаурын тақырыптардан бойын аулақ ұстап, тек соны деректерді сұрыптай білетін шеберлігіне тәнтімін. Өткен күзде Өтеген ағам телефон арқылы хабарласып: «Серік інім, сен екеуміз бір атаның, яғни Қожамсүгір бабаның ұрпағы екенімізден хабардарсың. Сол кісіге Самарханның «Құлпытас», «Бесіктас» әкелуге бірер ұрпақтарының атынан кетіп бара жатырмын» десе, енді міне кесенесінің бүгінгі кейпі деп фотосын жіберіпті. «Сен қанша айтқанмен, Қожамсүгірдің бүгінгі ұрпақтарын ішінде есімі елімізге белгілі жазушысысың. Қожамсүгір баба, Есабыз әулие, Құдайберген палуандар жайлы аз-кем деректерден құралған шағын жинақ құрастырып отырмын.Сол жинақтың сенің алғы сөзіңмен жарық көргенін қалап отырмын» дегенде, Өтекеңнің үстіміздегі жылы 16 мамырда 75 жасқа толатынынан хабардар едім. Осы ретте көптен бергі Өтекең жайлы пікірлерімнің бір парасын қағазға түсірудің реті келгендей. Менің бір білетінім, Сыр елінің тарихи тұлғалары саналатын Қожамсүгір, Есабыз әулие, тарихта пілді жықан Құдайберген палуандардың аруақтарын кейінгі ұрпақтарына жеткізуші бірден-бір тарихшы қаламгер – Өтеген Әбдіраман. Негізгі мамандығы тарихшы, ұлтымыздың тарихи тұлғаларының жоқшысы Өтеген аға, жасыңызға Алла тағала жас қосып, Жамбылдың жасы 100-ге жетіңіз.

Серік Байхонов,
жазушы, А.Байтұрсынұлы атындағы Ұлттық сыйлықтың
лауреаты