Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жатаған у кекіре

Жатаған у кекіре

 Picture background   Аудан аумағында жыл сайын ауыл шаруашылығы алқаптарына карантиндік фитосанитариялық мониторинг жүргізіледі. Шиелі ауданы аумағында шектеулі таралған карантиндік объектілердің калифорниялық қалқанша сымыры, жатаған у кекіре, арамсояу, қауын шыбыны сияқты 4 түрі тіркелген. Бұл зиянкестер мен арамшөптер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасына айтарлықтай зиян келтіреді. Аталған карантиндік объектілер жаппай таралған жағдайда ауыл шаруашылығы саласына елеулі зиян келтіретінін ескерген жөн. Жатаған у кекіреге қарсы жыл сайын РМК «Фитосанитария» тарапынан химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. 2026 ж жатаған у кекіреге қарсы 2500 га жерге мониторингтік зерттеу жұмыстары жүргізілуде, және өңдеуге жататын көлемі 20 га.
         Ауыл шаруашылығына елеулі зиян келтіретін карантиндік арамшөптердің бірі – жатаған у кекіре.Бұл өсімдік егістік жерлерде тез таралып, мәдени дақылдардың өнімін төмендетеді.Бұл өсімдік мал үшінде зиянды, өйткені құрамында улы заттар болады.Тамыр жүйесінің өте мықты болуы және құрғақшылыққа төзімділігі салдарынан оны толық жою қиын.Тамыры кейде 5-10 метрге дейін жетуі мүмкін.Бұл арамшөп көбіне егістік алқаптарда, суармалы жерлерде өседі.Күресу шаралары: агротехникалық тәсілдер жерді терең жырту, ауыспалы егіс жүйесін енгізу, химиялық әдістер фараон гарант, глифат форте гербицидтерімен жүргізіледі.Оның таралуын тоқтату үшін кешенді күрес шараларын жүргізу қажет.Уақытылы агротехникалық өңдеу, химиялық күрес және алдын алу жұмыстары ғана тиімді нәтиже береді.
    Шиелі ауданында өсімдіктер карантині саласындағы жұмыстар мемлекеттік бақылаушы органдардың жоғары жауапкершілігімен және тұрғындардың қолдауымен жүзеге асырылып келеді. Карантиндік объектілерге қарсы тиімді күрес шаралары – ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына және аймақтың фитосанитариялық қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Карантиндік объектілер туралы немесе фитосанитарлық қызмет туралы қандайда бір ақпараттар қажет болған жағдайда, Шиелі кенті, Бөгенбай батыр көшесі №21, мекенжайына немесе 8 (72432) 4-37-88 телефон нөміріне хабарласуға болады.
М.Камалов
ҚР АШМ АӨК МИК – нің
Шиелі аудандық аумақтық инспекциясының
бас маман өсімдіктерді қорғау және 
карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы
13 мамыр 2026 ж. 33 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (9402).

13 мамыр 2026 ж.

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031