Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Туған елге саяхат». 600 оқушы арнайы туристік пойызбен елімізді аралады

«Туған елге саяхат». 600 оқушы арнайы туристік пойызбен елімізді аралады

«ТÑÒан елге ÑаÑÑаÑ». 600 оÒÑÑÑ Ð°ÑÐ½Ð°Ð¹Ñ ÑÑÑиÑÑÑк пойÑзбен елÑмÑÐ·Ð´Ñ Ð°ÑаладÑ
Арнайы туристік пойыз биыл 600 оқушыны еліміздің түкпір-түкпірін аралатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында Ресей, Моңғолия, Украина мен Беларусьта тұратын 50 қандасымыз да бар. «Туған елге саяхат» жобасы аясында жасөспірімдер Байқоңыр, Тараз және Алматы қалаларында болды. Балқаш көліне шомылды. Бүгін елордаға туристік пойыздағы ең соңғы топ оралды. Олар орталық паркте алған әсерлерімен бөлісіп, жаңа достарымен қимай қоштасты. Айта кетейік, «Туған елге саяхат» осыдан 4 жыл бұрын басталған еді. Оның аясында 11 мен 15 жас аралығындағы мыңдаған оқушы еліміздің тарихи шаһарларын аралап шықты.

Мирас Іргебаев, ұйымбастырушы:
– Саяхат басында балалар өңірлерді аралап қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге де мүмкіндік алды. Яғни біз осы пойыз ішінен бірнеше үйірме аштық. Соның арқасында оқушылар би билеуді, шахмат ойнауды және сурет салуды үйренді. Алдағы оқу жылында осы бастамалардың оларға көмегі тиеді деген үміттеміз.

24.kz
09 тамыз 2019 ж. 950 0