Жедел ішек инфекциясы – сақтықты талап ететін ауру
Жедел ішек инфекциясы – асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын жұқпалы аурулар тобы. Бұл ауруды бактериялар, вирустар және түрлі зиянды микроорганизмдер қоздырады. Әсіресе жаз мезгілінде, тағамның тез бұзылатын уақытында жиі кездеседі. Балалар арасында таралу қаупі жоғары.Ауру көбіне лас қол, жуылмаған жеміс-жидек, сапасыз тағам мен қайнатылмаған су арқылы жұғады. Сонымен қатар санитарлық талаптардың сақталмауы да инфекцияның таралуына себеп болады.
Жедел ішек инфекциясының негізгі белгілері:
* дене қызуының көтерілуі;
* іштің ауруы;
* жүрек айну, құсу;
* іш өту;
* әлсіздік пен тәбеттің төмендеуі.
Аурудың алғашқы белгілері байқалған сәтте өз бетінше ем қабылдамай, міндетті түрде дәрігерге қаралған жөн. Себебі уақытында емделмесе, ағза сусызданып, түрлі асқынуларға алып келуі мүмкін.
Дәрігерлер жедел ішек инфекциясының алдын алу үшін төмендегі ережелерді сақтауға кеңес береді:
* тамақ ішер алдында қолды сабындап жуу;
* көкөніс пен жемістерді мұқият тазалау;
* тек қайнатылған немесе таза су ішу;
* тағамдарды дұрыс сақтау;
* мерзімі өткен азық-түлікті пайдаланбау.
Тазалық – денсаулық кепілі. Әр адам жеке бас гигиенасын сақтап, дұрыс тамақтануға мән берсе, жедел ішек инфекциясының алдын алуға болады. Әсіресе балалардың тазалығына ата-аналар мұқият болғаны маңызды. Денсаулыққа бейжай қарамайық!
Шиелі аудандық СЭББ-ның басшысы Г.Айтекеева






