Жедел ішек өткізбеушілігі (ЖІӨ)
Жедел ішек өткізбеушілігі – ішектің белгілі бір бөлігінде тағам мен сұйықтықтың қозғалысы бұзылып, оның толық немесе жартылай бітелуімен сипатталатын ауыр патологиялық жағдай. Бұл хирургиялық шұғыл көмекті қажет ететін жедел абдоминалды синдромдардың бірі.
Жедел ішек өткізбеушілігінің бірнеше түрі бар. Бірінші механикалық. Ол обтурациялық (бітелу) – ішектің ішкі жағынан ісік, бөгде зат, паразиттер немесе нәжіс тасымен бітелуі. Ал Странгуляциялық (қысып қалу) – ішектің қан айналымының бұзылуымен қатар жүретін түрі (түйілу, инвагинация, жарықтың қысылуы). Екінші динамикалық. Онда спастикалық – ішек қабырғасының шамадан тыс жиырылуынан пайда болады (улану, жүйке жүйесі зақымдануы) байқалады. Паралитикалық – ішектің тегіс бұлшықеттерінің салдануы (перитонит, ауыр инфекциялар, операциядан кейінгі жағдай). Аурудың себептері ішектің ісіктері, жарықтың қысылуы, адгезиялар (жабысқақ ауру), Инвагинация (бір бөліктің екіншісіне енуі), Тромбоз және эмболия. Және паразитарлық инфекциялар. Клиникалық белгілері іштің қатты ауырсынуы (толғақ тәрізді немесе тұрақты). Құсу (алғашында тағам қалдықтарымен, кейін өт және нәжіспен). Іш қату және газ шықпауы, Іштің кебуі, асимметрия, Перистальтиканың жоғалуы немесе «соққы дыбысы». Қалтырау, тахикардия, гипотензия. Диагностика кезінде физикалық тексеруден өткізу маңызды. Іштің пальпациясы, аускультация (перистальтиканың төмендеуі немесе жоқ болуы). Рентгенография: ішекте газ жиналуы («Клойбер тостағандары» симптомы). Ультра дыбыстық зерттеу жүргізу қажет. Ол ішектің кеңейген ілмектерін аңғаруға көмектеседі. Компьютерлік томография ішек обструкциясын нақтылайды. Лабораториялық анализдер: лейкоцитоз, электролиттік дисбаланс деңгейін анықтайды. Жедел ішек өткізбеушілігі – өмірге қауіпті жағдай, шұғыл медициналық көмек қажет. Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде бірден дәрігерге жүгіну маңызды.
Кадырбекова Акзия Кыдырбековна
Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасы,
Хирургия бөлімі – Күндізгі Лопороскопиялык ота мейіргері