Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар адамның организмінде екінші «ми» барын анықтады

Ғалымдар адамның организмінде екінші «ми» барын анықтады

Ғалымдар ішектің жиырылуын зерттей келе, бұл нейрондардың электрлік импульстер таратып, ішекті жиырылуға мәжбүрлейтінін анықтаған. Ал оның бұл қызметі орталық нерв жүйесінен бөлек атқарылады екен.

Бұл нейрондарда өзіндік жүйке тізбектері бар және орталық нерв жүйесіне асқазан-ішек жолдарының жұмысын бақылауға көмектеседі.
«Бұл шынымен де өз алдына жеке ми», – дейді ғалым Ник Спенсер.
Оның айтуынша, оны, тіпті, «бірінші ми» деп те атауға болады. Себебі эволюция барысында ол бас миынан бұрын пайда болған екен.
Сонымен қатар ғалымдардың сөзінше, тоқ ішектегі орталық нерв жүйесінде шамамен 400 мың нейрондар бар.
Stan.kz
03 маусым 2018 ж. 1 130 0