Әлемдегі ең жеңіл зат
Әлем қызық пен сыйға толы. Ғалымдардың зерттеуінен пайда болатын нәрселердің жаңалығы өз алдына ерекше. Себебі олар адам баласының санасына сыймайтын дүниелерге тәжірибе жасап, нәтиже күтеді. Бұл – еңбек. Өткен жылы ғана ғалымдардың ойлап тапқан «аэрографит» аталатын материалы әлемдегі ең жеңіл зат болып табылған еді. Бірақ аэрографит өзінің тағын графеннен жасалған аэрогельге бермек. Себебі енді жер бетіндегі ең жеңіл зат – графеннен жасалған аэрогель. Жаңа атауға ие болған материалды Гао Чао бастаған ғалымдар тобы ойлап тапты. Зерттеу қорытындысы Қытайдағы Чжэцзян университетінің ғылыми-зерттеу зертханасында дайындалды. Ең алғаш аэрогель 1931 жылы америкалық ғалым, инженер-химик Сэмюел Стивенс Кистлердің тапқырлығымен пайда болды. Қазіргі таңда бұл затқа деген қызығушылық артып тұр. 2011 жылы аэрогель көмірқышқылының көптекті негізінде жарыққа шықты (MCNT). Өзгеше атауы – «мұздатылған түтін». Тығыздығы – 4 мг/см3. Бұл сол кезде әлемдегі ең жеңіл зат ретінде тіркелген болатын. Бірақ уақыт өте келе жаңа зерттеулер пайда болды. Қазір ең жеңіл зат графеннен өндірілген аэрогель. Оның тығыздығы – 0,16 мг/см3.
Massaget.kz