Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жедел ішек инфекцияларының алдын алу – денсаулық кепілі

Жедел ішек инфекцияларының алдын алу – денсаулық кепілі

Жаз мезгілінде жұқпалы аурулардың ішінде жедел ішек инфекциялары жиі кездеседі. Бұл дерт адам ағзасына бактериялар, вирустар және басқа да зиянды микроорганизмдердің түсуінен пайда болады. Ауру дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, жүрек айну, құсу, іштің ауыруы және сұйық нәжіспен сипатталады. Әсіресе балалар үшін қауіпті, себебі ағза сусызданып, зат алмасу жүйесі бұзылады.
Инфекция көзі – ауру адам немесе инфекция тасымалдаушысы. Ауру көбіне лас қол, сапасыз тағам, қайнамаған су және тұрмыстық заттар арқылы жұғады. Мамандардың айтуынша, бір жастан жеті жасқа дейінгі балалар бұл инфекцияға жиі шалдығады.
Жаз айларында аурудың көбеюіне бірнеше себеп бар. Ыстықта тағам өнімдері тез бұзылып, микробтардың көбеюіне қолайлы орта қалыптасады. Сонымен қатар адамдар көкөніс пен жемісті көп пайдаланады. Егер олар дұрыс жуылмаса, түрлі инфекция көзіне айналуы мүмкін. Балалардың сыртта көп ойнап, қол жумай тамақтануы да аурудың таралуына әсер етеді. Ашық су айдындарында шомылу кезінде де инфекция жұқтыру қаупі жоғары.
Дәрігерлер жедел ішек инфекциясының алдын алу үшін қарапайым тазалық ережелерін сақтауға кеңес береді. Атап айтқанда, тағамды дұрыс сақтау, өнімдерді мұқият термиялық өңдеу, қайнатылған немесе таза суды пайдалану, көкөніс пен жемістерді жақсылап жуу маңызды. Сондай-ақ тамақ ішер алдында және көшеден келген соң қолды сабындап жуу – басты талаптардың бірі.
Тазалық – денсаулық кепілі. Сондықтан қарапайым сақтық шараларын сақтау арқылы өзіңізді және жақындарыңызды қауіпті инфекциялардан қорғай аласыз.

Камшат Қолпашева,
Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінің
дәрігер-инфекционисті
12 мамыр 2026 ж. 30 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031