Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтауда көлік жүргізушілері қасиетті Рамазан айының құрметіне тегін такси қызметін ұсынуда

Ақтауда көлік жүргізушілері қасиетті Рамазан айының құрметіне тегін такси қызметін ұсынуда

Өзбекстан жерінде дүниеге келген Өтеген достарымен бірге қаланың тұрғындары мен қонақтарына сыйлық жасап, тегін такси қызметін ұйымдастырды. Оның Ақтауда тұрып жатқанына 14 жыл болыпты.
«Мен Ақтауға 2004 жылы келдім. Сол уақыттан бері қаладағы мешіттерде жұмыс істедім. Қазіргі уақытта Қаламқастағы меіштте жұмыс істеймін. Достарымызбен ақтаулықтарға Рамазан айында сыйлық жасауды ұйғардық. Барлығын көлікпен баратын жеріне тегін жеткізіп салуға келістік», – дейді Өтеген.






Өтегеннің сөзінше, ол достарымен бірге жұма күні қайырымды іс жасауға көбірек тырысады екен.
«Бүгін – жұма. Ислам күнтізбесінде ол аптаның ең жақсы күні ретінде саналады. Бұл күні игі істерді көп жасаған жөн», – дейді Өтеген.
Ерікті-таксишілердің қала тұрғындары мен қонақтарына барар жеріне тегін жеткізіп жатқанына бүгін үшінші күн. Олар бұл игі істі Рамазан айының соңына дейін жалғастырмақ.
Stan.kz
02 маусым 2018 ж. 2 260 0