Халық Партиясы өзгерістерді қалайды
Бейсенбі күні аудандық ардагерлер үйінде Қазақстан Халық партиясы Шиелі аудандық филиалының отырысы өтті. Оған партияның аудандық филиалының өкілдері мен облыстық өкілдігі төрағасының міндетін атқарушы Берік Шайнуров, ҚХП мүшесі Марат Исмайлов, аудандық қоғамдық кеңес және ардагерлер кеңесінің төрағалары мен БАҚ өкілдері қатысы.
Жиында «Өскен өңір» газетінің бас редакторы, аудандық мәслихат депутаты, партия мүшесі Нұрболат Пірімбет «Билікті орталықсыздандыру» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Баяндамашы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасына тоқталып, бұл өзгерістердің қоғамның қажеттілігі, уақыттың сұранысы екендігін айтты. Сонымен бірге 2013-2020 жылдары аралығында жүргізіліген «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасының көрсеткен оң нәтижелеріне тоқталып, бағдарламаның көмегімен әлеуметтік желілерде азаматтық қоғам белсенділерінің саны да, белсенділігі де артқанын атап өтті. Осы бағыттағы жұмыстарды ары қарай жалғастырып, Конституцияға енгізілуі мүмкін өзгерістердің көмегімен жергілікті жердегі көшбасышылардың шығуына жағдай жасауымыз керек деді. Атап айтсақ, аудандық және қалалық мәслихат депутаттығына сайлаудың мажоритарлы жүйесін енгізу мәселесі қызу талқыланып, жиылғандардың бір тобы мұны қолдаса, бір тобы жүйенің кемшіліктері де болуы мүмкін деді. Олардың айтуынша, ауданда бұл жүйемен сайлау өткізілетін болса, рулық бөліністер орын алып, дау-дамайлар туындауы мүмкін. Дегенмен екінші жағынан жүйе елін-жерін шынайы сүйіп, қызмет ететін азаматтардың шығуына да үлкен мүмкіндік жасамақ. Сондықтан жиылғандар мемлекет басшысының бұл бастамаларын қолдап, әрбір өзгерістерге өз ойларын, ұсыныстарын білдіруге дайын екендіктерін айтты.

Рамазан ӘНӘПИЯ