Ел есінде қалған есім
Өскелең ұрпаққа өшпес өнеге болар жандар көп. Ерлік пен еңбексүйгіштіктің ерен үлгісін көрсете білген жауынгердің бірі – Раш Ахметов туралы Ұлы Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында аз-кем сыр шерткенді жөн санадық.
«Жақсы адамның артынан із қалады» демекші, Раштың саналы ғұмыры тынымсыз еңбекпен өрілді. Ол 1915 жылы Шиелі ауданына қарасты Керделі ауылында дүниеге келген. Дүниені дүрліктірген дүрбелең басталмас бұрын, 1938 жылы Раш Ахметов Шиелі аудандық әскери комиссариаттан Отан алдындағы борышын өтеуге кетеді. Кеңес әскері қатарында азаматтық борышын өтеп елге оралғаннан кейін «Гигант» колхозындағы 1 май мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді. Еңбек майданына енді ғана енген бозбала Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанынан хабардар болады. Ел басына күн туған сын сағатта Раш Ахметов Шиелі аудандық комиссариаты арқылы қолына қару алып, қан майданға аттанды. 1941 жылдың тамыз айынан 1946 жылдың қаңтар айы аралығында №540 атқыштар полкі миноменттер бөлімшесінде болады. Өзге де майдан шептерінен берілген тапсырманы орындауда қайсарлығымен көзге түседі. Ол алғы шепте жүріп, жауынгерлерді жұдырықтай жұмылдыра білді. Ұрыс даласындағы жанкештілігімен сержант шенін алып шығады. 1945 жылдың қаңтарында КСРО Жоғарғы кеңесінің жарлығына сәйкес әскер қатарынан босатылады. Ерліктің ерен үлгісін көрсете білген азаматтың еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ұлы Отан соғысының І дәрежелі орденімен, «Ерлігі үшін» орденімен марапатталды.

Соғыстан кейін туған ауылына табан тіреген Раш Ахметовтың өмірі өнегемен өрілді. 1946-1950 жылдары Шиелі аудандық партия комитетінде нұсқаушы, 1950-1953 жылдары Дайындау министрлігінің аудандық өкілінің орынбасары, 1953-1958 жылдары колхозда партком хатшысы, 1958-1960 жылдары «Авангард» сельпосының төрағасы болып жұмыс істеді. Одан кейін аудандық өндіріс, шаруашылық орындарында жауапты қызметтер атқарды. Осындай жауапты қызметтерді атқару барысында егістік алқаптардың құнарын арттыруға, тұқымның жаңа сорттарын құрастыруға барынша ізденіспен күш салды. Соның арқасында астық дақылдарынан мол өнім алуға қол жеткізді. Мұның өзі ол кісінің өзгеге ғана емес, өзіне де қатаң талап қоя білетін білікті де білгір маман болғандығын айғақтайды.
Бейбіт күнде де бейнеттің бел ортасында жүрген майдангердің еңбегі әлі күнге ел аузында. Азамат ретінде бәрінен де ар тазалығын биік қойған Раш Ахметовтың адалдығы өзінен өрбіген перзенттерінің бойына да дарыған. Бүгінде балаларының барлығы да жоғары білімді маман иелері. Олардың әрқайсысы әке жолымен халқына қалтқысыз қызмет етіп келеді. Жеңісті жақындату жолында жанқиярлықпен еңбек еткен ердің есімі ел есінде мәңгі сақталатындығы даусыз.
Ш.Тілеубаев