2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұғырымыз – татулық

Тұғырымыз – татулық

Мен Шиелі кентінің тұрғынымын. Есімім – Ким Бон-Чу Черсуевна. 6 баланың анасымын. Әке-шешем өткен ғасырдың саяси қуғын-сүргін, зобалаң жылдары Кореядан Қазақстанға жер аударылды. Содан тағдырдың жазуымен Қазақстан халқы біздерге төрінен орын берді. Бір үзім нанымен бөліскен қазақтай қамқор халықты еш жерде көрген емеспін. Пейілі даладай дархан, жүрегі жомарт қазақ қиын-қыстау кезеңге тап болған біздерге пана болып, қанатының астына алғанына дән ризамын. Ынтымақ ұйыған жерге ырыс үйір келеді, жақсылық жақын жүреді. Бауырмал қазақ халқына деген ризашылығым шексіз. Еш уақытта «сен кәріссің» деп шеттеткен емес. Мен аналық жүрегіммен қазақ халқына алғыс айтамын. Бірлік мерекесі құтты болсын! Бір шаңырақтың астында сыйластығы жарасып, ғұмыр кешіп жатқан барша қазақстандықтардың берекесі мен бірлігі мәңгі жасасын!

Ким Бон-Чу Черсуевна
29 сәуір 2022 ж. 742 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930