Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбектің жемісі де, жеңісі де ерекше

Еңбектің жемісі де, жеңісі де ерекше



Мамандық – бұл адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.Осындай қанатты жандардың бірі де бірегейі – Балхаш Томаева.
Өз кәсібінің жай-жапсарын жетік білетін, мамандығының қыр-сырын үздік меңгерген маманды кім қадірлемейді, кім сыйламайды?! Бұл кісінің аты да, заты да ерекше десем артық айтқандық емес. «Балхаш» десе «би», «би» десе «Балхаш» атаулары аудан тұрғындарының аузында қатар аталады. Содан да болар, жұрт биге икемі бар балаларын нақ осы Балхаш апайдың қолына әкеліп тапсырады. Бүгінде мамандықты өз қалауымен емес, «әйтеуір грантқа түссем болды» деген оймен түсіп, сол бойынша жұмысқа орналасып алып, меңгере алмай жүрген жандар қаншама. «Бір күнім өтсе болды» дейтін маманның жұмысы қалай оңға басып, жетістіктерге жетсін?! Осы жолда біз тілге тиек етіп отырған Балхаш Томаева нағыз еңбектің үлгісі деп көрсететіндей өз ісінің шебері. Бүгінде зейнеттік демалысқа шықса да жастарды өнерге баулып, бидің қыр-сырына қанықтыруда.
«Шиелінің Шарасының» өмір жолдарына үңілер болсақ,  1959 жылы  30 қарашада Жексенбі мен Натидың отбасында Қызылорда қаласы, Тасбөгет қыстағындадүниеге  келеді. Өзінің балалық шағы, отбасы жайында айтқанда Балхаш Жексенбіқызының жанарында сонау артта қалған қымбат кезеңге деген сағынышын байқадық. Ол – заңды да.
– Жанұяда  он  баланың үлкенімін. Әкем  Жексенбіақжарқын, ақкөңіл әзілқой  кісі еді.  Жастайымнан  меніән  мен  бигеяғни  өнерге  баулып,үйге  келген  қонақтардыңалдында  ән  салып,би  билетіп  мақтанатын.Анам Нати  болса,  бәрімздіңөнерімізді  тамашалап, қабақ  шытпайжүруші  еді. Анам үнемі бізге  өтірікайтпа,  ұрлық  жасамадеп  ескертіп  отыратын. Үлкен  кісініңбетіне тіке келіп  сөйлеуге  болмайдыдеп  тәрбиелеп  отыратын.Осы тәрбиенің  бәрі өмірде  мағансабақ  болды  жәнеоған  ризамын,–деді.  Иә, ата-ананың үлгілі тәрбиесінде өскен жанның өнер әлеміне деген қызғушылығы арта түсті. Сөйтіп,  1977 жылы Н.Гоголь атындағы педагогикалық университеттің «Музыка және ән» факультетіне оқуға қабылданады. Оқу орнында да белсенді студенттер қатарында болып, өнерін ұштай түсті. Бұл туралы:
– Университетке  түскен  күннен бастап,  «Сырсұлуы»  ансамбілінің  бишісіболдым. Қазақстанның  халық әртісі  Даурен  Абировтенсабақ  алдым.  Оқудыаяқтаған  кезде маған «би үйірмесінің  жетекшісі»  дегенкуәлік  берілді, – дейді. Жоғарғы оқу орнын аяқтап, өмірлік серігі Абай Алтынбековпен шаңырақ көтереді. Шиеліге келгеннен соң аудандық әуез мектебіне қызметке орналасады. Өнер жолы қашан да ауыр жол екені мәлім. Ал, қыз баласы үшін, тіпті де оңай емес. Өмірге Алла берген алты баланы әкеле отырып, өнер жолынан өзін алыстатпаған жанның еңбегіне тәнті болмасқа шараң жоқ. Күш пен жігер, ақыл мен қайрат өнер жолын қуған адамның бойындағы болмыс қасиеттер. Талай жылғы еңбегі жемісті де жеңісті болды. Бұлай деуімізге, халықаралық, республикалық, облыстық, аудандықбайқаулардың бірнеше дүркінжеңімпаздары  болып  жеңіспеноралуы себеп. Бірнеше телевизиялық сайыстардан  да сүрінбей келеді. Осы  әуезмектебінде  бірнеше  жылбойы  балаларды  биөнеріне баулып, ансамбль құрып, өнердіңбаспалдақтарына  қадам  бастырып, елгетанытып жүр.
Иә, өнер өлшенбейді.Әр істің үздік маманы, яғни шебері болады, оның бағасын көпшілік береді. Біреу үй қалаудың, біреу сәулетші­лік­тің, біреу жазушылық өнердің маманы дегендей. Әрқайсысы өзінің қолынан келгенше жұмысын атқарып жатады, бірақ, солардың ішінде туғаннан бар көңілімен, жүрегімен, білімімен сол мамандыққа бейім мамандар болады. Бұны дарын дейміз бе, Жаратқанның сыйлаған болмысы дейміз бе – әйтеуір сондай адамдар ғана түбінде сол маман­дықтан тұла бойы тұнған талабының арқасында жетіліп, сол мамандықты да жетілдіреді.
Біздің бұл мақала арқылы көздегеніміз – бір адамды көрсету емес, мамандыққа деген сүйіспеншілікті, адалдықты дәріптеу еді. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бұған дейінгі «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасында көрсетілгендей, алға мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында белсене еңбек етуіміз қажет. Өз өмірін қол жеткізген мақсаттары мен орындалған армандарының әдемі көріністерімен айшықтай білген жандарды насихаттау арқылы жастарға қандай да бір парасатты ой ұялата білсек, мақсатымыздың орындалғандығы.
Бет қатталып жатқанда редакцияға өнердің «Киелі Ордасы» аталып кеткен Алматыдан ақжолтай хабар келді. Балхаш Томаеваның жетекшілігіндегі «Жұлдыз» би тобы «Біз–өмірдің гүліміз» республикалық байқауынан ауданның абыройын асқақтатып, бас жүлдені жеңіп алыпты. Ал, нақ осы топтың кіші тобы да 1 орынға лайық деп танылыпты. Міне, нағыз еңбектің жұлдызды сәті. Жүлделеріңіз құтты болсын, «Жұлдызбен» жұлдызы жанғандар.  
Дина Жүсіпова.
08 сәуір 2018 ж. 1 890 0