2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада ІІ республикалық «Ақкербез» би байқауы өтеді

Қызылордада ІІ республикалық «Ақкербез» би байқауы өтеді

Сыр елінде облыстық филармонияның 50 жылдығы және халықаралық би күніне орай ІІ республикалық «Ақкербез» би байқауы өтеді. Бұл сайысқа еліміздің 7 өңірінен 9 кәсіби би ұжымы қатысады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық филармонияның директоры Талғат Мақашов хабарлады.
«Республикалық «Ақкербез» фестивалі қазақ би өнерін ұлықтауға және қайта жаңғыртуға бағытталған. Конкурс-фестивалі аймақ басшысының қолдауымен өңірімізде екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Мың бұралған би сайысында көрші мемлекет Өзбекстаннан арнайы келген кәсіби маман қазылар алқасында баға беретін болады. Осы орайда жерлестерімізді ауқымды шараның куәсі болуға шақырамын», – деді облыстық филармонияның директоры Талғат Мақашов.
«Ақкербез» республикалық би конкурсына қатысушылардың жасына шектеу болмайды. Сондай-ақ І кезеңде қазақ биінен қойылым қойылса, ІІ кезеңде әр ұжым қалаған би түрлерін көрсетеді.
«Жалпы республикалық байқауда еліміздегі ең мықты би ұжымдары қатысады. Осындай конкурстар қазақ би өнерін насихаттауда үлкен маңызға ие екені белгілі. Ұлттық би жанашырларына үлкен алғыс білдіре отырып, жалғасын табады деп сенемін», – деді қазақ ұлттық хореография академиясының аға оқытушысы Анвара Садықова.«Қазақстан мемлекетіне, Қызылорда облысына арнайы шақырту алғаныма қуаныштымын. Қазақ ұлтының әрбір өнері өте ерекше әрі әсерлі. Екі ел арасын байланыстыратын ортақ құндылықтарымыз өте көп. Сіздердің қонақжайлықтарыңызға алғысым шексіз. «Ақкербез» республикалық би байқауына қатысушыларға сәттілік тілеймін», – деді Өзбекстан мемлекеттік хореграфия академиясының аға оқытушысы Шырын Жалилова.


​https://kyzylorda-news.kz​​​
22 сәуір 2022 ж. 446 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930