Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дін беріктігі ел тыныштығы

Дін беріктігі ел тыныштығы

Бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – діни ­экстремизм. Өздерінің кері пиғылды істерімен елді дүрліктіріп жүрген жат ағымдардан арылу мақсатында елімізде түрлі іс шаралар ұйымдастырылуда. Арнайы діни мамандар ауыл-аймақты аралап, жұртшылықпен кездесу өткізуде. Соның бірі – аудандық ішкі саясат бөлімінде жалғасты.
Жиынға ішкі саясат бөілмінің қызметкерлері қатысты. Тұрғындар арасында діни экстремизмге қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында өткен жиында «Сыр дидары» газетінің бас редакторы Сәкен ­Алдашбаев пен облыстық "Ақиқат нұры" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Маратбек Нұржанов халыққа түсіндірме жүргізіп, қатысушылармен тақырып аясында пікір алмасты. Сондай-ақ діни экстремизммен күресудің жолын айтып, олар мен қарапайым адамның ерекшелігіне тоқталып өтті.
– Бұл қасіретті халық болып күрессек қана бетін қайтарамыз. Өскелең ұрпақ сенгіш. Әсіресе жазғы демалыста тынығу лагерьге, оқуға түсуге барған балаларға абай болу қажет. Сондай-ақ террористік актілерді ұйымдастырушылар әлеуметтік желіні қолдана отырып, лаңкестік әрекет жасауға үгіттеуде. Жат ағым насихаттаушылары жайында мәлімет беріп, жастарды радикалданудан сақтауда қолда бар мүмкіндігімізді дұрыс пайдалансақ, бұл дерт те сейілер еді, – деді Халықаралық құқық қорғау орталығының директоры ­Маратбек Нұржанов. Ислам діні – сонау тарихта бейбітшілікті қалаған діндердің алғашқысы. Осы жөнінде кеңінен түсіндірген ­Маратбек Нұржанов жиналғандарға тұщымды ой тас­тады.
– Тарихта ислам діні – шайқас бас­таушы деген бір дерек жоқ. Кітапты ашып қарасаңыз «мұсылман жорығы», «ислам жорығы» деген жазылмаған. Керісінше «крест жорығы» деген бар. Осыған қарап ислам бейбіт дін екенін ұғасың. Басқа елге атын ұрандап соғыс бастау мүлдем болмаған. Қазіргі күні Сириядағы соғысқа ұрандап, әке-шешені құрметтемеуге үйретіп жүрген жат ағымдар көп. Міне соның жетегіне еріп кетпей барынша сақтануымыз керек, – деді Сәкен ­Алдашбаев кездесуде сөйлеген сөзінде.
Терроризм – зорлықтың аса қатыгез, үрейлі формалары мен әдістері арқылы ­саяси мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қызметтің лас түрі. Бұл барған сайын түрлі кейіпке еніп, қарқынды үрей туғызып келе жатқан заманның ең қауіпті әрі болжамды күрделі құбылысы десек, жат әдеттен іргемізді аулақ салу – әрбіріміздің азаматтық міндетіміз.
Расымен де, дінін білмеген бала «дымды» білмейді. Әртүрлі теріс ағымды насихаттайтын экстремистік ұйымдар халықтың санасын улап жатыр. Ақ-қарасын ажырата алмаған азаматтар әлі де адасып жүр. Осал тұсты ұтымды пайдаланған эмиссарлар әдетте содыр-террористерді, экстремистік бағыттағы идеялармен сусындайтын жасырын діни ұйымдарды іздестіреді. Бұл ретте, экстремистік ағымдармен күресу – оның алдын алу мақсатында жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстары арқасында нәтижелі болмақ. Шара соңында келген қонақтарға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылды. Мұнан соң түсіндірме жұмыстары Бәйтерек ауылында жалғасын тапты.

Ш.Тілеубаев
22 сәуір 2022 ж. 329 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930