Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Табиғатты қорғау саласында 132 қылмыстық-іс тіркелген

Табиғатты қорғау саласында 132 қылмыстық-іс тіркелген

Сәрсенбі күні аудандық ардагерлер үйінде қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жиынды кеңес төрағасы Қабілеш Сейітбекұлы ашып, кеңестің күн тәртібіндегі мәселемен таныстырды.Аудан көлемінде құқық бұзушылықты болдырмау және қоғамдық тәртіпті қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталған Д.Беркімбаев өз баяндамасында 2021 жылдың 12 ай күнінде ауыр және аса ауыр қылмыс түрлері 22,3 процентке 94-тен 73-ке, бөтен мүлік ұрлығы 35,8 процентке 109-дан 70-ке, мал ұрлықтары 52,8 процентке 52-ден 24-ке, пәтер ұрлықтары 40 процентке 15-ден 9-ға, тонау қылмыстары 50 процентке 4-тен 2-ге, бұзақылық қылмыстар 25 процентке 12-ден 9-ға азайғанын айтты. Сонымен қатар өткен жылы тіркелген 195 қылмыстың 26,4 процентін ұрлық, 16,7 процентін алаяқтық құраса, қалғандары өзге де санаттағы қылмыстар. Жалпы есепті мерзімде тіркелген қылмыстардың кезекті тәулікте ашылуы 69,9 процентті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,8 процентке көбейген.
Д.Беркімбаевтың сөзінше бұл санаттағы қылмыстардың өсуіне қылмыстық заңнамаларға енгізілген өзгерістер себеп болған. Одан бөлек мал ұрлығы, ауыр және аса ауыр қылмыс түлері, жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері комиссияда бірнеше рет қаралып, тиісті іс-шаралар белгіленген.
Одан бөлек алаяқтық жолмен біреуге жер алып беремін деген аудан тұрғыны 17 эпизотпен құрықталған. Соңғы кездері интернет жүйесі арқылы біреудің арбауына түсу деректері көбейгенін сала басшысы алға тартып отыр. Осындай қылмыстарды алдын алу мақсатында жыл басынан бері бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарға кеңінен насихаттау, арнайы брифингтер өткізу, «Алаяқтан абай болайық» тақырыбында тұрғындарға парақшалар тарату жұмыстары жүзеге асқанын тілге тиек етті. Одан бөлек, маскүнем санатымен 176 тұлға есепке қойылған.
Табиғатты қорғау саласы бойынша 132 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған. Оның ішінде аң аулау ережесін бұзудың 90 дерегі, заңсыз балық аулаудың 23 дерегі, заңсыз ағаш кесудің 1 дерегі анықталған. Заң бұзғандарға тиісті мөлшерде айыппұл салынып, қатаң ескерту берілген. Тағдыры таразыға түсіп, тарандалып жатқан судағы тіршілік те қамқорлықты күтеді. Айтпағымыз бұлай жалғаса берсе, балықтың қарасын көруге зар болып қалар түріміз бар. Бақсақ, балыққа қамқорлық маңызды көрінбеуі мүмкін, алайда ол да табиғат байлығы. Әрі табыс көзі. Бір жағынан денсаулыққа пайдалы, құнарлы өнім. Сондықтан табиғат жанашыры ретінде әрбір адам заңсыздықтың зардабы көп екенін ескере жүру керек. Сондай-ақ кент ардагерлер кеңесінің төрағасы ­Болат Күлімбетов тоқпен балық аулаудың алдын алып, оны болдырмау жолында жұмыла жұмыс істеуге шақырды.
Бүгінгі таңда өзектілігін жоймай тұрған тағы бір мәселе – нашақорлық. Ол медициналық ғана емес, жалпы әлеуметтік тұрғыдан да көкейкесті.
– Көші қон саласы бойынша жыл басынан аудан көлемінде есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қою, осы санаттағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу бағытында «Допинг», «Қарасора» және «Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасы мен арнайы операциялар өткізіліп, нәтижесінде 14 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған. Олардан 1293 түп есірткі заттары мен 58 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді, – деді сала басшысы.
Келесі бейне бақылау орнату мәселесі. Жалпы қоғамдық орындар мен көшелердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қылмыстардың алдын алуға қоғамдық жерлерге қойылған бейне бақылау камераларының көмегі өте зор.
Бүгінде аудан орталығында 31 дана бейне бақылау камерлары орнатылса, олардың 25-сі ғана жұмыс істейді. Ал қалған 6-уы істен шыққан. Осы істен шыққан бейне бақылау камераларын алып, кенттің адамдар көп шоғырланатын орындарына орналстыру керектігі сөз болды.
Жол-көлік оқиғаларына байланысты түрлі жазатайым жағдайлардың орын алуына тек көлік тізгіндеген азаматтар ғана емес, жаяу жүргіншілер де себепші болып жатады. Өйткені құқық қорғау қызметкерлерінің айтуынша тұрғындардың басым бөлігі белгіленген жолақтан өтпей, жолды кез-келген жерден кесіп өтетін көрінеді. Белгіленген ережені сақтамау, әсіресе мектеп жасындағы балаларға өте қауіпті. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан көліктерге жабысатыны, қалтарыстан жолға шыға келетіні салдарынан бұзылады. Мәселен, өткен жылы ауданға қарасты жолдарда 37 жол көлік оқиғалары орын алып, соның салдарынан 53 адам түрлі дене жарақаттарын алса, өкінішке қарай 13 адам қайтыс болған. Жол көлік оқиғаларының 20-сы күндіз, қалған 17-сі кешкі мезгілде орын алған. Оның 10-ы «Батыс Еуропа – Батыс-Қытай» күре жолында, 14-і кенттің орталығында, 1-еуі «Қызылорда-Жезқазған» тас жолында, 3-еуі ескі «Шымкент-Самара» тас жолының бойында, 1-еуі «Шиелі-Тайқоңыр» тас жолында, қалған 8-і елді мекендер мен оларға баратын жолдарда болған жағдай.
Осы ретте аудандық полиция басқармасының басшысы Д.Беркінбаевтың мәліметіне сүйенсек, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында 1925 құқық бұзушылық анықталса, оның ішінде жол көлік оқиғаларына тікелей әсер ететін көлік құралын мас күйінде басқарудың 86 дерегі тіркеліп, 18 азаматтың жүргізу куәлігі жоқ бола тұра көлікті ішімдік ішіп басқарғаны анықталған. Олар 20 тәулікке қамаққа алынса, 68 азамат көлік басқару құқығынан 7 жылға айырылып, 15 тәулік мерзіміне қамаққа алу жазасына тартылған. Сондай-ақ, белдік тақпай жылдамдықты асырудың 16 дерегі анықталса, автокөлікті құжатсыз басқарудың 413 дерегі белгілі болып, оларға заң аясында әкімшілік шаралар көрілді.
Аталған мәселер бойынша аудандық қауымдастықтың төрағасы Қ.Сейітбекұлы әлі де қатаң түрде жұмыстар жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар қауымдастық мүшелері түрлі сұрақтар қойып, жауап алды.
Айта кетейік жиын соңында аудан әкімі Н.Мақұлбековтың арнайы алғыс хаты қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесі Хамзат Шаландурға ­табыс етілді.

Ш.Тілеубаев
15 сәуір 2022 ж. 418 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930