Қаз өсірген қатардан қалмайды
Қаздың еті – жеңіл қорытылатын дәмді тағам, майы – емге дәру, мамығы – жастық, қанаты – сыпыртқы. Иә, тап солай – егер ауылда тұрған болсаңыз, ошақтың алдындағы көмір мен тезек қалдықтарын тазартуға қаздың қанаты таптырмайтын сыпыртқы рөлін атқаратынын жақсы білесіз. Қаз еті басқа үй құстарының етімен салыстырғанда қымбатырақ. Яғни пайдалы, табыс табуға болады. Алайда қаз өсірумен айналысатындар қатары көп емес. Сол «көп еместердің» қатарында Еңбекші ауылынң тұрғыны Тұрар Бейсенбекұлы бар.
Күтімі жақсы болса тез көбейеді. Қазақта «Көп іздеген адам көмбенің үстінен шығар» деген жақсы бір тәмсіл бар. Бүгінгі кейіпкеріміз Еңбекші ауылының тұрғыны Тұрар Бейсенбекұлы қаз, тауық, үйрек өсіріп, оны көбейту ісімен айналысуда. Ол өз кәсібін ашуда мемлекеттік бағдарламаның шарапатын сезінді. Кәсіпкерлік палатасында «Бастау бизнес» курсына қатысып, дайындаған бизнес жоспарымен 583 мың теңге қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. Ол алған қаражатқа 54 тауық, 20 қаз, 8 үйрек және балапан шығаратын инкубатор аппаратын алып, құс шаруашылығын дамытуға үлес қосуда. Алдағы уақытта жұмыртқасын, етін сатып, кәсібінің нәсібін тапқысы келеді.

– Қазір табыс табуға мүмкіндік жетерлік. Бастысы, ниет болуға тиіс. Мемлекет тарапынан алған қаражатқа қаздың линда, кубан, үйректің жапониялық түрін, тауықтың бутин, адлер түрін және балапан шығаратын 2 бірдей жабдық алдым. Бұйырса, алдағы жазда жұмыртқаларын жинап, қаз, үйрек пен тауық басын көбейтуді жоспарлап отырмын», – дейді кәсіпкер.
Құс шаруашылығының басты талабы – аурудан аман сақтау, яғни сақтану. Сондықтан тазалыққа жіті назар аударған жөн. Медицина мамандарының айтуынша, шаруашылықтың негізгі өнімі, яғни құс еті мен жұмыртқасы адам организміне тез сіңетін диеталық тағам болып есептеледі. Оны, әсіресе, науқас адамдар мен балаларға жиі қолданады. Одан бөлек құс мамығын киім-кешек пен көрпе-жастық өндірісінде, ал саңғырығын топырақ құнарын жоғарылату мақсатында тыңайтқыш ретінде пайдаланады. Кәсібі өрге дөңгелеген Тұрар мұның барлығы еңбектің арқасында келген жетістік дейді.
Шапағат Тілеубаев