Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тауық – табыс көзі

Тауық – табыс көзі

Қазірігі таңда аудан тұрғындарының түрлі кәсіптің көкжиегін кеңейтіп, мал шаруашылығымен қоса құс шаруашылығының санын арттырып жатқаны мәлім. Бүгінгі кәсіпкеріміз құс өсіріп табысын еселеуді көздеп отыр. Иә, бүгінде тауықтың еті мен жұмыртқасына сұраныс мол. Осыны ескерген Шиелі кентіндегі, Қазанғап Қожасов көшесінің тұрғыны Ақзия Абдуллаева тауық пен күркетауық өсіріп, оны көбейтуге жағдай жасауда.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында ауданымыздың жас кәсіпкерлері кәсіп жасап, несібесін табуда. Осы орайда, кейіпкеріміз Ақзия да өз кәсібін ашуда мемлекеттік бағдарламаның шарапатын сезінген жас кәсіпкердің бірі. Ол «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасына орай қайтарымсыз несиеге ие болып, аталған бағдарлама бойынша 555000 мың теңге несие алған. Нәтижесінде 100 тауық, 36 күркетауық және балапан шығаратын инкубатор аппаратын алып, құс шаруашылығын дамытуға ден қойған. Жолдасы ­Абдулазиз аула ішіне құстарға қолайлы кесек, тақтайдан жылы қора соғып берген. Тауық пен күркетауық жұмыртқасы, еті күнделікті тұтынуға жақсы екені айтпаса да түсінікті. Кейіпкеріміз тауықтың жұмыртқасына сұраныстың жоғары екенін айтып, біраз табысқа кенелуге болатынын тілге тиек етті. Ол тіптен сирек кездесетін құс – павлинді асырайды. Бұл құс қырғауылдар тұқымдасына жатады. Павлиндер Үндістан түбегі мен Шри-Ланкада мекендейді екен. Павлиннің дене тұрқы 110-125 см, салмағы 5 кг, бағасы 100 мың теңге, жұмыртақасының бір данасы 5000 теңге болады. Сонымен қатар 10 шақты үйрек, 6 кептерді де қолға үйреткен. Үй құстарын Шымкенттен арнайы тапсырыспен алдырған. Кәсіпкер алдын ала құстарды көктем, күз мезгілінде тексеріп, вакцина салатынын да атап өтті.
Іскер әйел көпбалалы отбасыларға жасалып жатқан қолдауға дән риза. Ол жары Абдулазиз екеуі 3 ұл, 4 қыз тәрбиелеп отырған берекелі отбасы. «Қазір табыс табуға бар мүмкіндік жасалған. Бастысы ниет болуы тиіс. Бұйырса, көктемде жұмыртқаларын жинап, тауықты көбейтуді жос­парлап отырмын», – деген кәсіпкердің сөзінен жұмысына деген ыждахаттылық аңғарылады. Осылай батыл қадам жасаған кәсіпкердің үйі ырысқа, қорасы құсқа толатынына біз де сенеміз.

Шапағат Тілеубаев
19 қаңтар 2021 ж. 734 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930