Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құс өсірсең, қаз өсір

Құс өсірсең, қаз өсір


Қойнауы құтқа толы өңіріміздің өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне бай, ауылшаруашылығы мен өнеркәсібі өркендеген Шиелі өңірінің даңқын жаңғырту мақсатында, бұл ойды жүзеге асыру мақсатында құс өсіру ісін жолға қоюымыз қажет-ақ. Біздің кез келген ауылда жалпы, жерімізде қаз, үйрек, тауық өсіріп, өнімдерін кәдеге жарататын кез әлдеқашан келген сияқты.
Күтімі айтарлықтай күрделі де жұмбақ емес, шаруасы өзімізге өте таныс, жем-шөбі, ас-суы қолжетімді болып келетін тірліктен несіне үрке қарап, қашқақтай беретінімізге таңым бар. Рас, бизнесті бүге-шігесіне дейін дұрыс жоспарлау негізгі шарт болуы тиіс. Үйрек, қаз өнімдерін ұқсату мәселесіне келсек, әлемде жылына 1,5-2 миллиард тонна қаз өнімі тұтынылады екен.
Көптеген елдерде құс етін көп пайдаланады, қадірлейді Ресейде, Қытайда, т.б. елдерде. Қаздың майын емге іздейді, косметикаға да пайдаланады. Бауыр майы да сұранысқа ие, бұдан нәрлі, дәмді паштет даярлайды. Жұмыртқасы белгілі. Мамығы мен қауырсыны да игілікке жарайды. Жалпы, қаз-үйрек асырап отырған отбасы Шиеліде, Жаңатұрмыста бар. Шиелідей киелі өңірге аздық етеді. Мыңдап мыңғыртпасақ та әр ауылда жүздеген қаз-үйректен ұстаса да молшылық көзі қалыптасар еді. Есік алдында шұбырып жүрген швейлер мен қаз-үйректер көз қуанышы да емес пе?! Әсіресе, балаларымызды құс өсіруге баулығанымыз дұрыс. Жұмыртқа жеп өссе жаман болмас. Сосын, балалар жастайынан аң-құстарға қамқорлық жасап өссе қайырымды, мейірімді, қамқор болып есейеді. Сондықтан, бұл бір жағынан тәрбиенің де көзі бола алады.
Алтай АЙЫП.
22 сәуір 2018 ж. 3 254 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930