Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жақсы қасиет емес әйтпесе, дүниеге алып келетін, дүниеден алып кететін иеміз бар

Жақсы қасиет емес әйтпесе, дүниеге алып келетін, дүниеден алып кететін иеміз бар

Еліктегіш, ерме, сенгіш халықпыз ғой. Басқасын айтпағанда, денсаулығымызға байланысты амалдарды алайықшы. Кейінгі кездерде қант диабеті ауруы өршіп барады. Оншақты жыл бұрын бұл ауру жұртты көп мазалай бермейтін. Өршіп тұрған осы шақта бұл науқасқа мынадай ем бар екен деушілер табылып жүр.
Бір жерлесіміз биенің кіші дәретін қымызға қосып ішкізіп, қант диабетінен сауықтырып жіберемін, – дейді екен. Бұл ауруға тағы бір ем ретінде «тірі майда құмырсқаны ұстап, дәрінің жұқа қаптауына салып, тірілей жұту керек», – дейді.
Шаян еті де ем деп пісіріп поезға долларға сатып жүргендерді де көрдік. Жылан, тасбақа еттерін емге пайдаланып жүргендерді де естіп жүрміз. Сонда бақа-шаян, құрт-құмырсқа, жылан жейтін қандай халықпыз? Емдік қасиеті бар-жоғын білмей жатып кез-келген жәндікті жей беретін әдетіміз жоқ еді ғой біздің. Өзіміздің бие сүті, қымыз, түйе шұбаты, қымыраны, емдік ешкі сүті, тауық жұмыртқасы секілді дәрумендерге бай азық-түліктеріміз мол емес пе? Сорпасы балдай балық, қырғауыл, үйрек, қаз, тауық сорпаларын неге жиі пайдаланбасқа. Дініміз, салтымыз бар елміз ғой, шүкір дәрі-дәрмектер де баршылық. Тіпті, өлімнен ешкім де түбегейлі құтылған емес. Бәріміз де жалған дүниенің қонағымыз. Бақа-шаян жеп сауықпай-ақ қойсақ қайтеді?
Алтай НУРИДДИНҰЛЫ.
11 сәуір 2018 ж. 1 712 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930