Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Төрелеген Төребек

Төрелеген Төребек

Маңдай терін сыпырып, бар ынта жігерімен мамандығын сүйетін, бірақ әлі есімі еленбей жүрген ардақ тұтар азаматтардың тобы халық арасында санауға келмес. Олар дәрігерлер, мұғалімдер, механизаторлар. Бәрінің де өзіндік орны бар. Барлығы да құрметке лайық. Тек адам үшін де, адамның күн көрісі үй жануарлары үшін де жақсылық жасау ұстанымы мен сабырлылығы, байсалды ісіғ қағілез мінезі мен тектілік қасиеті арқылы ыстық ықыласқа бөленіп жүрген Төребек Бейсенбаевтың Алғабас ауылында мал дәрігері болып қызмет істеп жүргеніне 40 жыл. Осы Төребектің төрелігі бір бөлек. «Жақсы әке- балаға 40 жыл азық» деген сөздің түкпірінде әкеден алған өнегені бойына сіңіріп, адалдықтан аттамай, ар азабын тартпай өзі өскен ортасына шапағатын тигізе отырып алғыс арқалау деген мағына жатыр.
Әкесі Әлібек 48 жыл ұстаздық еткен. Білім саласының үздігі. Бейнетінің таза жемісі мен өмір сүріп өткен жан. Сол әкеден қалған тазалық Төребектің де бойынан орын алды. Төребек он баланың үлкені. 1960 жылы осы ауылда кіндік қаны тамған. Оның бала кезден бас­ты арманы мал дәрігері болу еді. Ақыры ойы орындалып Алматыдағы мал дәрігерлік мамандықты алып шығады да өзі туған ауылынан еңбек жолын бастайды. Қай жерінің ауырғанын айта алмайтын жануарларды емдеу не деген қиын. Сол тілсіз малдың тілін тауып уақытпен есептеспей ем дом жасаудағы тапқырлығы ерекше. Қай кезде шақырсаң да ренжу дегенді білмейді. Шығыс даналарының «дәрігердің үш қаруы болады сөз, шөп және пышақ» деген сөзінде шөппен пышақтың құдіреті оларға дәру болатыны анық. Осы қаруларды да ретін тауып пайдалану шеберлікті, тәжірибені қажет етеді.
Ауылда кешегі тоқырау кезінде жүзге жетпейтін ірі қара қалған болатын. Ал бүгінгі таңда 2000 мүйізді ірі қара, 2200 уақ мал, 1200 жылқы бар. Сонда айына 6 ірі қара мал, 5 бас уақ мал, 24 жылқы емдесе 42 жылда қанша малды емдеп оларға қанша вакцина салғанын есептеп көріңіз. Мұның барлығы адам игілігі, қажеттілігі үшін жасалған үлкен еңбек.
Академик И.К.Скребянь «дәрігер адам емдесе, мал дәрігері бүкіл адамзатты емдейді» деген сөзі адамзаттың бірден бір қажетін өтейтін төрт түліктің тіршіліктегі маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Әрине бұл жануарлардың бәрі жеке. Бұрынғыдай ферма жоқ. Немесе жаз жайлауға, қыс қыстауға көшетін шопан жоқ. Халықтың қорасындағы меншігі. 5000-ға жуық тұрғыны бар аймақты аралап аусыл, қарасан, өт, қансигек деген ауруларға екпе салу, кенеден қорғау үздіксіз жүретін процесс. Сондай қиыншылықты басынан кешірген Төребек әбден төселген, шалт қимылы бәсеңдемеген қалпында. Қай кезде де таза бейнет көрінбей қалмайды. Нәтижелі еңбектің арқасында 2015 жылы аудандық мақтау қағазынан басталған марапат 2019 жылы «Жыл мал дәрігері», 2021жылы «Елеулі еңбегі» үшін төс белгісін кеудесіне тақты.
Еңбектің зейнетін көру, халықтың ықыласына бөлену өмірге деген құлшынысты арттырып, алға жетелейтін жан дүниеңе қуат беретін ғажап құбылыс.
Төребек отбасында үлгілі әке, айнымас жар, немереге ата, кішіге жағасы бүтін аға, үлкенге күтіп тұрып сәлем берер іні, ағайынға жанашыр жан 2 ұл, 2 қызды ­зай­ы­бы Зәкира екеуі тәрбиелеп, бәріне де жоғарғы білім алуларына негіз болған бақытты отбасылар санатынан көрінетін салиқалы жандар. Төренің ұлы Төребектің білімділігімен, біліктілігімен, бүкпесіз ойымен, адалдығымен, төрдегі орнын жоғалтпай төрелегендігіне ­ауыл­дастары дән риза.

Айжамал Әбдіхамитқызы
08 сәуір 2022 ж. 560 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930