Мәдениет саласының үздігі
Биылғы жылы аудан үшін табысты болды. Өңірде атқарылған оңды іс, жақсы жаңалық пен игі бастама аз болған жоқ. Жылдың қорытындысында туған елі мен жеріне қызмет еткеннің бірқатары жыл үздігі атанып, марапат төрінен орын алды. Олардың қатарында – «Мәдениет саласының үздігі» номинациясын иеленген, айтыскер ақын Кенжебай Жүсіпов те бар.
Жүсіп Сыздықұлы 1966 жылы 14-тамызда Шиелі ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында жүрген кезінде-ақ өнерге биімділігі байқалады. Аудандық, облыстық байқауларға қатысып жүлделі орындарды иемденген жас өнерпаз, мектеп бітірісімен арман қуып Алматыға оқуға аттанады. Өнер саласында білім аламын деген арманы аяқсыз қалған жас үміткер, Алматы қаласында 1986-1987 жылдар аралығында «Байланыс училищесінде» білім алып, туған ауылына қайта оралады. Ол бүгінгі таңда Сыр елінің мәдениет саласына өз еңбегін сіңіруде. Асылдың сынығы, тектінің тұяғы талай сахнада өзіндік мақамы, дауыс ырғағымен тыңдарманның құлақ құрышын қандырып, айтыс өнерімен талайды тамсандырып, жырмен сусындатып жүр.

К.Жүсіп бабадан қалған текті өнердің отын өшірмей келеді. Өз ауылына келісімен түрлі үйірмелер ашып, жастарды өнерге баули бастайды. Республикаға белгілі айтыс ақындары М.Қуандықов, Е.Садықұлы, М.Сұлтанхан, Е.Әміров осы Кенжебайдың шәкірттері. Соңғы кезде ән жазумен де айналысып жүрген ақынның «Алтын Анам», «Бақытым» «Ғалижан», «Ақ неке» секілді терең мағыналы өлеңдері көпшіліктің сүйікті әндеріне айналып үлгерді. Тіпті, өнер саласында өзіндік орнын қалыптастырған ақын 2008-2010 жылдардың қортындысы бойынша облыс әкімінің степендиаты. 2011 жылы Қ.Р Мәдениет Қайраткері атағы берілді. 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына Н.Назарбаевтың медалімен марапатталды.
Салада біршама жетістікке қол жеткізген өнерпаз Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Халықты рухани демеп жүрген өнер иесі кезінде белгілі айтыскер ақын Б.Қабылұлы атындағы мәдениет үйіне автоклуб меңгерушісі болып қызмет етсе, бүгінде Жуантөбе ауылдық округі мәдениет үйінің директоры. «Жігіттің қадірі – өнерімен өлшенер» деп ғасырдың заңғар тұлғасы Мұхтар Әуезов айтқандай, қасиетті домбыраны қолға ұстаған азаматтың қарапайымдылығы мен азаматтығы өзінше бір төбе.